• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сенбi, 4 Шілде 2020

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ұлы Отан соғысының ардагері Қамқа Үмбеталиқызы өмірден өтті ...

Маңғыстауда пневмониядан 74 адам қайтыс болды...

Жаңаөзенде бір аптада пневмониядан 6 адам қайтыс болды...

Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы жоспарын ұсынды ...

Жамал Жаманбаева: «Сапалы медициналық көмек көрсетуге міндеттіміз» ...

  • USD: 405.69 ₸
  • EUR: 455.51 ₸
  • RUB: 5.72 ₸

Жамал Жаманбаева: «Сапалы медициналық көмек көрсетуге міндеттіміз»

21 маусым, 12:57  |  Денсаулық

Елімізде Covid–19 індетімен күрес оңайға соғып тұрған жоқ. Бүкіл әлемдегі сияқты, біздің елде де карантин режиміне бағынғысы келмейтіндер баршылық. Соған қарамастан дәрігерлер коронавируспен күрес майданының қайнаған ортасында. Осынау аса жауапты кезеңде өңірдегі денсаулық сақтау саласының тізгіні Жамал Жаманбаеваға сеніп тапсырылды. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында қызу да қауырт жұмыстардың ортасында жүрген өңір медицинасының басшысы Жамал ӘБДІБЕКҚЫЗЫМЕН сұхбаттасудың сәті түскен.

– Елдегі әлеуметтік-эко­но­микалық дамудың ба­сым­дық­та­рының бірі – денсаулық сақтау са­ласы. Дегенмен, өңіріміздегі күр­де­лі мәселелердің бірі – медицина­лық мекемелерге ғимараттардың же­тіспеуі, құ­ры­лысы ұзаққа со­зылғандары да бар.

– Биыл көптеген мәселелер, мысалы, көптен бері айтылып жүрген Ақтауда 300 төсектік көпбейінді қалалық аурухана салу мәселесі шешімін тапты. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ Мұнайлы ауданында орталық аудандық аурухананың құрылысы басталады деп күтілуде. Салыстыру үшін айтсам, мұнда халық саны 170 000 адам, бұл Жаңаөзен халқының санынан 20 000 адамға артық. Мұнайшылар қаласында сегіз ірі медициналық ұйым жұмыс істейді, ал Мұнайлы ауданында бір емхана мен бірнеше дәрігерлік амбулатория жұмыс істеп тұр. Енді алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қосымша орталықтарын ашу көзделіп отыр. Бұл тұрғындарға ме­дициналық көмекті барынша жақындату, жұмысқа орналастыру мәселесін шешіп, Мұнайлы ауданында медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Бейнеу ауданында өз алдына жедел жәрдем ғимаратын салу мәселесі пысықталуда. Жаңаөзендегі ту­беркулез диспансерінің ғимаратын ин­фекциялық стационарға беру мәселесі ше­шілді. Көп ұзамай Қарақия ауданының Қы­зылсай ауылында медициналық пункттің құ­рылысы басталады.
Қазір Түпқараған ауданының дәрігерлік амбулаторияларында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Медициналық пункттерді ав­то­көлікпен қамтамасыз ету мәселесі, Са­йын Шапағатов ауылында мобильді дәрігер­лік амбулатория салу мәселесі қарастырылуда. «Өзенмұнайгаз» компаниясы Жаңаөзен қаласында заманауи медициналық орталық салуды өз мойнына алды және медициналық ұйым көп ұзамай пайдалануға беріледі. Онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын және оның базасында онколог дәрігерлер үшін резидентура құру көзделіп отыр. Облыста онколог дәрігерлер тапшылығы мәселесін осылайша шешсек деп отырмыз. 2016 жылдан бастап еліміздің жетекші медициналық жоғары оқу орындарының резидентурасының базасы болып табылатын және акушер-гинеколог дәрігерлерін даярлайтын облыстық перинаталдық орталықта бұрын осындай мәселе болатын, біз бұл мәселенің шешу жолдарын осылай тапқан болатынбыз.

– Емдеу орындарының ма­те­риал­­­дық-техникалық базасы, ме­ди­­­циналық құралдармен қам­ты­лу жайына тоқталсаңыз.
– Қай кезде де мемлекет тарапынан медицина саласына айрықша көңіл бөлінуде. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік прин­ципі бойынша және республикалық бюджет есебінен облыстың медициналық ұйымдарын құрсақта туа бітті ақауларын анықтау үшін ультрадыбыстық зерттеу аппараттарымен, стационарлық және жыл­жымалы рентген аппараттарымен, мониторлармен қамтамасыз ету, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату үшін жаңа технологияларды енгізу жоспарланды. Маңғыстау облыстық ауруханасы мен Бейнеу аудандық ауруханасы үшін екі компьютер томографы жеткізіледі деп күтілуде. Томографтар облыстың барлық ірі стационарларына қажет десек, бүгінде Маңғыстауда 17 томограф бар.
Қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметінің санитарлық машиналармен қамтамасыз етілуі 67 пайыз болып тұр. Оның да 60 пайызы тозған. Жедел жәрдем қызметі үшін лизингке 52 санитарлық машина алу жоспарда бар. Осылайша, көлік қызметінің жабдықталуы 95 пайызға жетеді деп отырмыз. Рас, кейбір медициналық ұйымдар қаржы қашан бөлінеді екен деп, қарап отырған жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың тікелей қолдауының нә­тижесінде, қажетті соңғы үлгідегі ме­дициналық аппараттар алынған. Бір ғана мысал, «Тотал Е энд П Дунга ГмбХ» ЖШС есебінен Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына «Hamilton G5» өкпені жасанды желдету аппараты, рентгендік диагностикалық «С-дуга Ares MR» және «4К мен 3D» форматындағы лапароскопиялық хирургияға қажетті бейнекешені сыйға тарту етілді. Бұл аппараттар – өте қажетті дүниелер. Мәселен, лапороскопиялық тіреуіш дегеніміз инвазиялық ота жасауға, оның ішінде балалардың ішкі құрылыстарына ота жасау кезінде таптырмас құрылғы. Оның үстіне бұл – соңғы үлгідегі модель. Қазіргі таңда біздің мамандар осы аппаратуралармен жұмысты бастап кетті. Екінші аппарат «С-дуга Ares MR» бұл травматологиялық ауруларға көрсететін көмектің деңгейінің жоғарылауына үлкен септігін тигізеді. Ал үшіншісі «Hamilton G5» бұл да соңғы үлгіде шыққан. Қазіргі кезде бізде реанимациялық бөлімшеде жатқан науқастарға ауадай қажет. Жылына 600-ден астам науқас балалар ем алатын болса, оның 40%-ы 1 жасқа дейінгі балалар, олардың ішінде өте ауыр жағдайда түсетіндері аз емес. Соларға көмек көрсету деңгейі жоғарылай түседі деп сенеміз. Бұрынғы аппараттарымыз да бар, бірақ олардың дені ескірген. Өңірдің кішкентай тұрғындарының денсаулығын қорғауда облыстық көпбейінді балалар ауруханасы– стационарлық көмек көрсететін бірден-бір аурухана. Қазіргі таңда 205 кереуеті бар ауруханада жаңа туған нәрестелер патологиясы, жүйке жүйесі, педиатрия, хирургия, травматология-ортопедия, отори­ноларингология, жұқпалы аурулар және жан сақтау бөлімдері қызмет көрсетеді. Сонымен қатар 1 жасқа толмаған сәбиден бастап 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге түрлі деңгейде күрделі оталар жасалады. Жылына ауруханаға 10 000-нан астам бала жатқызылып, түрлі ем-дом алады. Ақтау мен Жаңаөзен қалалары және барлық аудандар тұрғындарына кон­сультативтік-диагностикалық көмектер көр­­сетіледі. Covid–19 вирусына байланыс­ты елде төтенше жағдай енгізілген карантин кезінде де кішкентай науқастардың республикалық емдеу мекемелерінде емін жалғастыруына барлық жағдай жасалды. Санитарлық авиа­цияның көмегімен Алматы қала­сын­дағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына және Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығына балалар кезең-кезеңімен жіберілуде. Ме­дициналық ұйым карантин режимінде жұмыс жасауға көшуіне орай, жоспарлы оталар және кейбір емделушілерді жатқызуға шектеу жасалды. Ал аудандармен байланыс үзілген емес, барлық медициналық кеңестер телемедицина арқылы жүзеге асырылады.

– Әңгіме барысы балалар ден­саулығына қарай бұрылған екен. Ана мен бала денсаулығын қорғау туралы айтсаңыз.
– Ана мен бала денсаулығы – ме­ди­цинадағы күрделі мәселелердің бірі. Алдымен болашақ аналар жүктілікті алдын ала жоспарлауы керек екенін айтқым келеді. Өкінішке қарай, әйелдердің арасында денсаулығына мән бермейтіндері кездесіп жатады. Ең бастысы, кемтар бала туғанын қаламаса, денсаулыққа аса жауапкершілікпен қараған жөн деуден дәрігерлер жалыққан емес. Емханаларда отбасын жоспарлау кабинеттері жұмыс істейді. Егер осы қызметті дұрыс пайдаланып, бар сырқатын дер кезінде емдетсе, әйелдер өмірге дені сау бала әкелері сөзсіз. Тағы бір өзекті мәселе – балалар арасындағы интервалды сақтау керектігінде. Жыл сайын босану әйел ағзасына зиян болуы мүмкін. Бала туатын жастағы әйелдерде қан аздық, дәрумен жетіспеушілігі көп кездесіп жатады. Әйел дұрыс тамақтана білуі керек, яғни ана мен баланың иммунитеті жоғары болуы тиіс. Егер балалар дұрыс тамақтанбаса, жүрек аурулары, семіздік, қант диабеті көбейіп кетуі ықтимал. Бұл ретте отандық өнімдерді көбірек тұтынған дұрыс. Ал дә­рігерлер үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру ауадай қажет. Мысалы, Маңғыстау облыстық ауруханасында анестезиолог-реаниматологтар, акушер-гинекологтар, жалпы тәжірибелі дәрігерлер және басқа да бейінді мамандарға 5 күндік семинар өткен болатын. Семинардың мақса­ты– медицина қызметкерлерінің теориялық бі­лімін пысықтау, оқу барысында алған арнайы білімі мен дағдыларын дамыту және кәсіби құзыреттерін қалыптастыру. «Бір әйелге–бір акушер» қағидасымен босану кезінде көмек көрсету тиімді технологиялардың бірі болып табылатынын кеңінен түсіндіру. Босану барысына, оның нәтижесіне, ананың босанғаннан кейін бейімделуіне, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа, емізуге, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ата-ана рөліне бейімделуіне босанатын әйелдің серіктесінің қолдау көрсетуі де жағымды ықпалын тигізеді.

– Жамал Әбдібекқызы, Маң­ғыс­тауда дәрігерлердің же­тіс­пеушілігі көптен сезілетіні жа­сырын емес. Кадр тапшылығын жоюды қа­лай жолға қоюға болады деп ойлайсыз?
– Шыны керек, Маңғыстау облысында бүгінгі күні барлық мамандықтағы 250 дәрігер тапшы. Облысқа жас мамандар мен тәжірибелі дәрігерлерді тарту үшін облыс әкімдігі оларға пәтер бөлу мәселесін шешуді қолға алған. Биыл Маңғыстаудағы медициналық мекемелер 65 дәрігермен толығады деп күтілуде. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің қабырғасында «Бос орындар жәрмеңкесі» өткен болатын. Оған Қостанай, Атырау және Маңғыстау облыстарынан денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу-сауықтыру мекемелерінің басшылары қатысып, оқу орнын бітіруші түлектермен кездесті. Қазір өңірімізге 250 дәрігер жетіспейді. Оның 78-і Жаңаөзен қаласы, 110-ы Ақтау қаласы, қалғандары аудандар бойынша. Әсіресе бастапқы санитарлық медициналық көмек көрсету орталықтарына, яғни емханаларға жалпы тәжірибелік дәрігерлер қажет. Жәрмеңкеде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жұмысқа тұру үшін тиісті талаптар түсіндірілді. Сондай-ақ бір жолғы 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша берілетіні және 1 500 айлық есептік көрсеткіш бойынша пәтер алу мүмкіндігі бар екендігі айтылды. Емдеу-сауықтыру мекемелерінің есебінен мамандар жалдамалы пәтермен қамтамасыз етіледі. Осындай әлеуметтік қолдауға қызығушылық танытқандар жоқ емес. Ақылы түрде білім алып жатқандарға да жұмысқа тұру мүмкіндігі қарастырылған. Биыл Марат Оспанов атындағы университеттен 577 интерн шығады, олардың арасында 138 жалпы тәжірибелі дәрігер, 83 терапевт, 119 хирург, 57 акушер, 94 педиатр және 86 стоматолог бар. Болашақ дәрігерлер денсаулық сақтау басқармаларының өкіл­дерімен тікелей сөйлесу мүмкіндігіне ие болды. Өңірлерде мамандардың кадрлық тапшылығын ескере отырып, жұмыс берушілер тұрғын үй мәселесін шешуге, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету жолдарын қарастыруға уәде берді. Сонымен қатар Маңғыстауда нефролог дәрігерлер жоқтың қасы. Осы саланың мамандарын тарту және оларды оқытуға көңіл бөліп отырмыз.
.
– Бүгінгі медициналық қыз­мет қарапайым халық үшін қан­шалықты қолжетімді?
– 2010 жылдан бастап еліміздегі жекеменшік емханалар тегін медициналық көмек­тің кепілдендірілген қызмет түрлерін ұсы­на бас­тады. Яғни пациент кепілдендіріл­ген медициналық қызметтің түрін өзі таңда­­ған кез келген жекеменшік емханада алуына мүмкіндік берілді. Бүгінде мемлекет­­тік немесе жекеменшік деп бөлінбей, бар­­лық медициналық ұйымдарға көрсетілетін көмек қолжетімді бола бастады. Алайда, бұл ретте ақылы да қызмет түрлерінің көрсетілетінін тілге тиек ету керек. Осылайша кез келген тұрғын инфекциялық, психологиялық және туберкулез ауруынан басқа дертке шалдыққан жағдайда, қай жерге барып емделгісі келеді, сонда ем алуына кедергі жоқ. Мойындау керек, кепілдендірілген қызметті жеке емханаларға бөліп беру емханалардағы ұзын сонар кезекті біршама сейілткені рас. Міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыруды ен­гі­зуге қатысты мәселеде үміттен бұрын күдік көбірек болғаны белгілі. Міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру жүйе­сі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көрсетілетін қызметтер ті­зі­мі бекітілді. Нәтижесінде барлық азамат­тар­ға, оралмандар мен тұрақты тұратын ше­телдіктерге мемлекеттік бюджеттің есе­бі­нен кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызмет­тер ұсыну қамтамасыз етілді. Бұл пакет тегін медициналық көмектің тіркелген же­рі бойынша медициналық-санитарлық алғашқы көмектің жедел көмек, санитар­лық авиация және шұғыл стационарлық кө­мек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік мәні бар аурулар мен негізгі созылмалы аурулар кезінде ме­дициналық көмектің толық спектрі тәрізді түрлерін қамтыды. Сонымен қатар тегін медициналық көмекпен қоса, аурулардың кең спектрі бойынша консультациялық, диагностикалық, жоспарлы стационарлық көмек және тегін дәрі-дәрмекпен қам­тамасыз ету, стационарды алмастыратын көмекті, оңалту және қалпына келтіру емін қамтиды. Биылғы карантин жағдайына орай МӘМС бойынша жеңілдік кезеңі ұзартылды. ӘМСҚ-ға аударымдар мен (немесе) жарналар түсірмеген азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақ­тандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Осы мерзімге дейін елдің барлық азаматтары МӘМС қатысушы статусына қарамай шартты сақтандырылған болып саналады және медициналық кө­мекті алуы тиіс. Қазір елде шамамен 16,4мил­лион адам сақтандырылған. Оның ішін­де 11 миллионға жуығы – әлеуметтік осал топтардың өкілдері. Олар үшін жарна­ларды мемлекет жасайды. Осылайша ел халқының жартысынан көбі автоматты түр­де сақтандырылған. Қазақстанда МӘМС жүйесі биыл 1 қаңтардан бастап іске қо­сылды. Өткен кезеңнің қорытындылары бойынша бұрын ақылы болып есептелетін КТ/MРТ, ультрадыбыстық қызметтерді тұ­тынудың өсуі байқалады. Сондай-ақ оңал­ту және қалпына келтіру емдеріне де сұра­ныс бар. Қор пациенттердің құқығын қор­ғауға бағытталғандықтан, медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметтерінің сапасын тексергеннен кейін ғана олар бойынша ақысын төлейді. Жеңілдік кезеңінде әр азамат өзінің сақтандыру мәртебесін анықтап, жарналарды төлеп, МӘМС қатысушысы болуы тиіс.

–­ Әріптестеріңіз бен облыс тұр­ғындарына айтар қандай тілегі­ңіз бар?
– Әрбір ақ халатты абзал жанның алдында халыққа сапалы медициналық көмек көрсету міндеті қойылған. Ал өңірдегі меди­цинаның беделі төмен дей алмаймыз. Әрине, түйіні тарқамаған проблемалар жоқ емес, барлығына уақыт төреші. Уақыт бір орында тұрмайды, көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі арт­қанын, басқа да жетістіктерді мойындау керек. Қандай жағдайда да халыққа табанды қызмет көрсетіп, антына адал әріптестерімді төл мерекемен құттықтаймын. Ал Covid-19 індеті туралы айтатын болсақ, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз деп ба­ғаланып отыр. Карантин кезінде көпшілік шараларды өткізуге тыйым салынған. Өкінішке қарай өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді. Бұл инфекция облыстың барлық қалалары мен аудандарында тіркелді. Сондықтан жерлестеріме жағдай тұрақталғанға дейін көпшілік жиналатын орындарға, яғни той-садақа, ас беру және басқа іс-шаралардан бас тартқан жөн деймін.

Сұхбаттасқан
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

534
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ақтауда 94 жастағы қарияға сәтті ота жасалды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      СараптамаҚоғамСаясатРедакцияМұнайлыБейнеуМәселеҚарақияЖастар бетіХабарландыруEXPO - 2017Сұхбат

    Автордың басқа да жазбалары

    Балықшының кәсіби мерекесі

    2 шілде, 13:34
    86

    Гендерлік саясат

    30 маусым, 16:14
    35

    Жаңаөзен: Пандемияға қарсы күрес

    30 маусым, 12:12
    162

    «Е-Сот», «Smart Сoт» бағыты тиімді жүзеге асырылуда

    30 маусым, 10:25
    105

    Қаламақы – қаламгерге берілетін сый!

    27 маусым, 16:24
    161

    «Жаңа өмірде» жұмыс жасағанымды мақтан етемін

    27 маусым, 15:37
    158

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»