Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Есет Шахатбаев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Науқас құлап, жарақат алған. Алдымен емшіге барып қаралған, бірақ бұл жерде медицина аса қажет. Алдымен Шетпе ауылындағы орталық аудандық ауруханасына барған, сондан соң облыстық ауруханаға келді. Біздің дәрігерлер барын салып, тиісті ем-дом шараларын қолға алған еді. Отаның сәтті өткеніне қуандық, - дейді Есет Шахатбаев.
Жармыш ауылының тұрғыны ауруханаға түскенде сол жақ жамбас буыны ауыратынын айтқан. Еркін жүріп-тұруы қиындап, төсекте жатуға мәжбүр болған. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, науқастың қазіргі жағдайы жаман емес. Алайда, әлі ем алуды жалғастырып жатыр. Жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Жақын арада үйіне жіберілуі мүмкін.
Бұған дейін маңғыстаулық хирургтер осындай отаның жүзге жуығын жасаған. Ал хирургиялық отаның бұл түрі кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында жасалады.