2018 жылдың басында Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым бағытты ұсынды. Ұсыныстың негізінде даярланған бұл жоба «сот жүйесінің 7 түйіні» деп аталады.
Сот жүйесін дамытуға бағытталған жоба 7 бағытты қамтиды: «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-сот», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы».
Қазіргі республикадағы төтенше жағдайға байланысты «Е-Сот», «Smart Сoт» бағыты тиімді жүзеге асырылуда.
«Smart Сoт» жобасы азаматтарға True Conf» мобильдік қосымшасы арқылы әлемнің кез келген нүктесінен сот отырысына қатысуға мүмкіндік береді. Өңір соттарында өткен процестерге тек республика азаматтары ғана емес, сонымен қатар басқа елдің азаматтары да қатысты. Істерді қараған кезде бейнеконференцбайланысты қолданудың бірқатар артықшылықтары бар: жоба тараптарға сотқа келу үшін кететін уақытын, қаржысын жұмсамай-ақ сот процесіне толыққанды қатысып шығуға мүмкіндік береді. Бейнеконференцбайланыс арқылы сот процестерін өткізу тек уақытты ғана емес, сонымен бірге бюджет қаражатын да үнемдейді. Сот процесс қатысушының смартфонында жүктеліп орнатылған «TrueConf» ұялы қосымшаның мүмкіндіктерін, скайп-камералар және бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн түрде қосылудың мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда.
Осылайша құқық бұзушылардың бірі дәлелді себептерге байланысты сотқа келе алмайтын болып, сот мәжілісіне смартфон арқылы өткізіледі. Іс материалдарымен танысу мақсатында сот процесі қатысушылары үшін қосымша компьютерлер орнатылған. Практика істерді электрондық форматта қарау бюджеттік қаражаттарды едәуір үнемдеп, ведомстволық мұрағаттардың жүктемесін айтарлықтай азайтатынын көрсетіп отыр.
Осылайша, «SmartСот» процесс қатысушысыз-ақ, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану жолымен сот талқылауын қашықтан жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
А.Х.Туракбаева,
Ақтау қалалық №2 сотының кеңсе меңгерушісі