Бүгін Ақтауда өтіп жатқан IT-Форум бизнес саласына арналды. Онда ұйымдар, кəсіпкерлер жəне басқа да бизнес өкілдері ІТ-шешімдер мен маркетингтік тəсілдерді талқылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Форумда бизнес қызметін оңтайландыру, автоматтандыру жəне реттеу тəсілдері айтылды. Шарада Astana Hub халықаралық технопаркінің бас директоры Джозеф Циглер сөз сөйледі. Ол IT - технологиялардағы қазіргі заманғы тəсілдер, инвестициялар, цифрлық шешімдер туралы, сондай-ақ Нұр-Сұлтандық технопарктің қызметі туралы айтып береді. Еске сала кетейік, "RIFMO-2019" форумы Ақтауда өз жұмысын 13 қараша күні бастаған еді. Бұған дейін жастар арасында «Стартап мектебі» курсын өткізіп, білікті тренерлердің шеберлік сағаттарын ұйымдастырған болатын.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="87900,87902,87899"]