Мұнайлыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
[ 2019 ] 15 қараша, 05:59 | Қоғам
Мұнайлы аудандық мәдениет үйінде жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Аталған шараға 160-қа жуық жұмыссыздар мен 25 пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қатысып, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарымен танысты.
Жәрмеңкенің нәтижесінде 25 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алса, 98 азамат өз түйіндемелерін тапсырды. Сондай-ақ жәрмеңкеге қатысқан азаматтардың барлығы өздерін қызықтырған қызметпен қамту сұрақтары бойынша кеңес алды.
Жәрмеңкеге аудан аумағында орналасқан 30-дан астам мекемелер мен мемлекеттік орындар қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды.
«Нұр капитал» жобасы бойынша несие алған «Нурмуханова», «Исаков», «Тлеубаева», «Сүгірбекова» сынды жеке кәсіпкерлерде аудан халқын жұмыспен қамту, мақсатында өз үлестерін қосты.
Жәрмеңкеде ауданның әр ауылынан келген тұрғындар өздеріне қолайлы, үйлеріне жақын, жалақылары тәуір жұмыс орындарын іздестірді. Ер адамдар көбінесе жүргізуші, құрылысшы, сантехник, ағаш өңдеуші, заңгер, электрик, экономист, вахталық әдіспен жасайтын жұмыстарды сұрастырса, әйел кісілер мұғалім, дәрігер, наубайханашы, шаштараз, сатушы, аспаз, еден жуушы, т.б. бос жұмыс орындарына түйіндемелерін тапсырды.
Талшын ҚОШГЕЛДЫЕВА,
Мұнайлы аудандық әкімдігінің баспасөз хатшысы
1997
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.