Ақтау қаласы жылу беру маусымына дайын
[ 2019 ] 7 қараша, 11:11 | Қоғам
Бұл туралы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіптің» баспасөз қызметі хабарлады.
Жаздың ыстық, шуақты күндерін суық, жаңбырлы, сұрғылт күз келіп алмастырды. Ауа-райы алдағы қатал қысқа да дайындалатын кез келгенін еске салғандай. Биыл Ақтау қаласында жылу беру бұрынғыдан сәл ертелеу, қазан айының 8-і мен 10-ы және 15-і мен 19-ы аралығында екі кезеңде жүзеге асырылды. Осыдан кейін қалаішілік жылу жүйелерін жөндеу жұмыстарын түпкілікті аяқтау шаралары жүзеге асырылды.
Егер жылу беру жұмыстары басталғаннан кейін де кей пәтерлердегі батареялар толық жылу бермей тұрса, бұл мәселе қаланың орталықтандырылған жылыту жүйесін іске қосып, жылумен қамтитын ұйымдар мен кәсіпорындар арқылы аз уақытта өз шешімін табуы тиіс. Өйткені, жауапты ұйымдар жаз бойы қысқа дайындық жұмыстарын жүргізіп, жаңа маусымға дайын болды.
Қысқа дайындық«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де биыл да жауапкершілікпен, тыңғылықты атқарылды. Жыл сайын жылу беру маусымы аяқталған соң кәсіпорын кезекті күзгі-қысқы кезеңге белсенді дайындыққа кіріседі. Биыл да энергетикалық комбинат«КЖСА» МКК-мен бірлесе отырып, жылу жүйесінің әлсіз тұстарын анықтау мақсатында мамыр айында Ақтау қаласындағы барлық магистральды және таратушы жылу желілерінің құбырларына гидравликалық сынақ жүргізді.
Жылу беру маусымдары аралығында кәсіпорын екі бу қазандығын және екі турбинаны, бір энергоблокты, алты бойлер және бес дистилляциялық тұщыту қондырғыларын күрделі жөндеуден өткізді. Сондай-ақ жазда 1060 метр диаметрі 1000 мм-лік жылу құбыры және диаметрі 800 миллиметрлік 653 метр минералдандырылған судың магистральды су құбыры ауыстырылды. Жалпы өндірістік кешеннің дұрыс жұмыс жасау мүмкіндігін арттыру мақсатына 5,8 миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсалды.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ұжымының жұмысшы қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында жоспарланған барлық іс-шаралар уақытында аяқталды және белгіленген мерзімде 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайын болғаны жөніндегі паспорт алынды. Биылғы жылыту маусымында кәсіпорын тұтынушыларын электр және жылу энергиясымен тұрақты және сенімді қамтамасыз етуге толық дайын деуге негіз болады.
960
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.