Ақтауда қарашаның 5 - 6 күндері ҚР-ның ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшылығымен "Қыс - 2019" республикалық командалық-штабтық жаттығу өткізіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаттығу қыс мезгіліндегі қолайсыз оқиғалар мен төтенше жағдай зардаптарын алдын алуға арналған құтқару және шұғыл жұмыстарға бағытталады. "Қарашаның 5 күні сағат 10:00-ден бастап бастап құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Сондай-ақ электрдабылдары іске қосылады. Сабырлық сақтауларыңызды сұраймыз", - дейді Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА