26 қазанда Алматы қаласында «Balbulag» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастыруымен өткен «Өнерге қанат қаққандар» республикалық байқауында Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық мәдениет үйі жанындағы «STAR KIDS» вокал тобы мен Сүйінғара Манас жеке орындауда бас жүлде иеленді. Сондай-ақ жеке орындауда Ақнұр Еркінқызы І орынды, Алпамыс Қуан І орынды жеңіп алды. Амангелді Дана І орын, Саруар Айда ІІІ орын иеленіп, Түпқараған ауданының өнер мен мәдениет қоржынына жүлделі жетістіктерін жаудырды. - Алиса Арманқызы жетекшілік ететін вокал үйірмесінің қатысушыларының түрлі республикалық байқаулардан алып тұрған бұл бірінші жетістіктері емес. Біз бұл ұстаздың жетекшілігінде тәрбиеленіп жүрген өнерпаздардың жүлдемен оралатынына сеніміміз мол еді. Әрине, алдымен барша жеңімпаз жеткіншектерімізге қолдау көрсеткен ата-аналарға алғысымыз зор, - дейді Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғалиева.
Ақкетік арайы №53 (1008)