• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Тіл тағдыры – ұлттық идеология өзегі

    [ 2019 ] 28 қазан, 12:10  |  Қоғам

    Кеше «Nur Otan» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің аймақтармен бейне-байланыс режіміндегі отырысы өтті. Келелі кеңеске партияның Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов,  Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев пен «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің облыстық деңгейдегі өкілдері қатысты. Отырыс барысында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауындағы мемлекеттік тіл мәртебесі, ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалысы талқыланды. Алдымен «Nur Otan»  партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Бәйбек қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мемлекет қамқорлығына алу, ұлт ұйытқысына айналдыру,  тіл туралы мемлекеттік бағдарламаның орындалу сапасын арттыру турасында мазмұнды әңгіме өрбітті. «Мирас» республикалық-қоғамдық  кеңесі құрамы бірқатар зиялы қауым өкілдері,  ұлт жанашырларымен толықты. Кеңес қызметіне соны серпін берер жаңа лек құрамында айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов, жазушы Ұлықбек Есдәулет, сатирик-жазушы Көпен Әмірбек, тәжірибелі журналист Нұртөре  Жүсіп сынды ұлт руханиятының өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар бар. Бұл жолғы басқосу мазмұны бұрынғы кездесулерден тым бөлек. Себебі тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары елдік деңгейде ең жиі талқыға түскен,  әйткенмен осы күнге дейін бір ізге түсіп, белгілі бір жүйеге ыңғайланбанған, нақты  кесімі  жоқ тіл тағдыры өзге қырынан бой көрсетіп,  өзекті пікірлер бүкпесіз айтылды. Қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы  «Мемлекеттік тіл туралы» заңнама мазмұнын байыппен саралау, толықтырулар мен түзетулер енгізу, мүмкін болса мүлдем жаңа заң жобасын мақұлдау қажеттігін баян етті. Елді билеу тізгінін тіл тағдыры секілді ұлт руханияты төңірегіндегі түйіткілі тым көп дүниелердің иісі мұрнына бармайтындар емес іске құлықты, ұлтқа жанашыр азаматтар ұстаса ғана ұлттық идеологияны насихаттау біртіндеп жүзеге асарына сенім білдірді.  Оразгүл Асанғазы қоғамда бұндай кереғар көзқарастың қалыптасуына  мемлекеттік іс-қағаздардың әлі күнге дейін орыс тілінде жүргізілуі, қаржы, экономика, өндіріс салаларындағы ақпарат айналымының басым үлесі орыс тілінде болуы, бұқаралық ақпарат құралдары мен ғаламтор кеңістігіндегі қазақ тілді контенттің тым аздығы, жалпы жас буын өкілдері арасында қазақ тіліне деген құрмет пен өзге ұлт өкілдерінің тіл үйренуге деген құлшынысының аз-кемдігі түрткі болғандығын да бүкпесіз баяндады. Шынтуайтында, кәрі құрлық елдерінің саяси-қоғамдық жүйесіне зер салсақ, басым бөлігі Қазақстан секілді көптеген ұлт пен этностардың басын біріктіріп отыр. Әйтседе, қай саласында болмасын мемлекеттік тілге деген азаматтардың құрметі айрықша, талап ету жағынан да қатал. Осындай  тәжірибелерге жүгіне отырып, еліміздегі тіл саясатының орындалу сапасы мен тиімділігін арттырудың жаңа тетіктерін қосуға бет бұруымыз өте қажет. Жалпы аталған кеңес отырысының тобықтай түйіні тіл тағдырына қатысты айтылған барлық  ұсыныс-пікірлердің бірін де елеусіз қалдырмай, егжей-тегжейлі ой елегінен өткізу, алда сан қайтара пікірталқыға түсіру туралы кесімді келісім болды. Өз кезегінде партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Бәйбек мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, ұлттық сана серпілісіне қозғау салар игі істерді жұмыла атқаруда ауызбірлік пен ұстамдылық танытып, асығып-аптықпай, ілкі толқын тәжірибесі мен жас буын тәлімін заман талабына сай  ұштастыра білудің маңызына аса мән берді. «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан құрылған облыстық кеңес өкілдері де мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді насихаттау турасында өз ойларын ортаға салды.

    Голрох ЖЕМЕНЕЙ

    1208
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    ҚХА 25 жылдығы қарсаңында

    Келесі жаңалық

    Мұнайлыда партиялық кадрлық резервке іріктеу басталды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2686

      Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

      [ 2023 ] 24 шілде, 13:46
      886

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2659

      Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

      [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
      2109

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      3055

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5889

      Рубрикалар

        ҚұқықЖарнамаҚазақстан жаңалықтарыМәселеРедакцияРедакция ұжымыМаңғыстау жаңалықтарыСпортБіле жүріңіз

      Автордың басқа да жазбалары

      «Zhas Project» аясында 285 әлеуметтік жоба іске асырылды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 12:40
      1757

      Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалануға байланысты жиын өтті

      [ 2019 ] 4 желтоқсан, 10:39
      2863

      Аймақтағы үздік журналистер марапатталды

      [ 2019 ] 28 қараша, 09:44
      1741

      Сапалы өнім – табыс көзі

      [ 2019 ] 18 қараша, 09:55
      2099

      Теңіз қоқысы тазартылуы тиіс

      [ 2019 ] 14 қараша, 06:14
      2295

      Жазасын өтегендер қоғамнан тыс қалмайды

      [ 2019 ] 12 қараша, 05:32
      1663

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»