Түпқараған аудандық білім жүйесін дамыту орталығында «Бастау-Бизнес» жобасына қатысушы үміткерлердің жобасы аудандық комиссияның алдында қаралды. Қатысушы 27 үміткер Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысы Дәулет Өтебалиев, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дариға Шалабаева, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының Түпқараған аудандық филиалы директоры Азамат Қармышев, Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы басшысы Гүлшат Бөлтенова бастаған комиссия құрамының алдында әртүрлі бағыт бойынша бизнес жобаларын ұсынды. Комиссия жұмысына аудан әкімі Айдос Таңғалиұлы сенім білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қатысушылар ішінде тігін ісі, кондитерлік өнім өндіру, сұлулық салонын ашу сынды жобасын ұсынған азаматтардың үздіктері мемлекеттің «Еңбек» бағдарламасының тетіктерін пайдаланып, «Бастау-Бизнес» жобасында оқу арқылы гранттық қаржыландыруға (қайтарымсыз қаржыға) ие болмақ.
Ақкетік-ақпарат