27 қыркүйек - Халықаралық туризм күніне орай «Holiday INN» қонақүйінде Маңғыстау облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен мерекелік қабылдау өтті. Көңілді жиынға облыс аумағындағы туристік нысандардың өкілдері, кәсіпкерлер мен іскер азаматтар, жергілікті атқарушы орган, сонымен қоса БАҚ өкілдері ат салысты. Отырыс барысында өңірдің туризм саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Маңғыстау облыстық туризм басқармасы басшысының м.а. Гүлсім Жариева қонақтарға жылы лебізін білдіріп, Маңғыстау өлкесінің туристік әлеуеті жөнінде әңгіме өрбітіп, өңір экономикасын ілгерілетуде аса маңызды жобаларды іске асырып жүрген іскерлік орта өкілдеріне алғысын жаудырды.
Голрох ЖЕМЕНЕЙ Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="85816,85807,85808,85809,85812,85813,85814,85815,85810,85811"]