Мүмкіндігі шектеулі жандарды ат спортына бейімдейтін «Нұр - Әлем» клубы Жаңаөзен қаласында 2018 жылы наурыз айында құрылды. Аз уақыттың ішінде клуб спортшылары республикалық жарыстарға қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп үлгерді. Оның негізін қалаған Самат Әлен. Клубтың бүгінгі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде Самат Бейнеубайұлы айтып берді. - «Нұрлы әлем» клубының қазіргі жағдайы туралы айтып берсеңіз? - Ат спортына арналған орталық бірден ашылмады. Біраз тер төгілді. Алғашқы жылы кошеде, аулада жаттығып жүрдік. Өйткені, жаттығатын арнайы орын болмады. Қазір Рахат ауылында стандартқа сай арнайы алаңымыз бар. Ат қорамызда 2 жылқы бар. Әрқайсысын жеке баптап, үйретемін. - Жалпы өзіңіз ат спортына қалай келдіңіз? Не себепті ат спортын таңдадыңыз? - Атқа деген қызығушылығым бала кезімнен бар. Баптау турал ой осыдан 3-4 жыл адын пайда болды. Бала кезімнен қызықтым. Ешкім мені атқа баулымады. Өз бетіммен қолға алып, үйрене бастадым. Қалада өстім. Атқа міну үшін ауылдағы ағайын-туыстың үйіне баратын едім. - Бүгінде өзіңіз жетекшілік ететін клубыңызда неше адам бар? - Құрамада барлығы 8 спортшымыз бар. Ат спортынан жарыс көбіне Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында болып тұрады. Өйткені ат спорты Қазақстанның осы аумағында жақсы дамыған. Жабық алаңы бар. Паралимпиада – мүгедектер үшін арналған халықаралық спорттық жарыс. Дәстүр бойынша басты Олимпиада ойындарынан кейін өткізіледі. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық жарыс болғандықтан, ол 1-ші, 2-ші немесе 3-ші топ мүгедектері деп бөлмейді. Қызығушылық танытқан азаматтарды қатарымызға ала береміз. Оның ептілігіне ғана мән береміз. - Осы жылы қандай жарысқа қатыстыңыз? Демеушілеріңіз бар ма? - Осы жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының ат жарыс федерациясының кубогы үшін жарысқа қатысып, 1,2,3 орындарды жеңіп алдық. Және 12-13 қыркүйегінде Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Сол жаққа жарысқа барып келдік. Біздің қолдаушыларымыз Ақтөбе қаласының «Ат спорты федерациясы», жаңаөзендік кәсіпкерлер ағаларымыз және ата-аналар. Жергілікті кәсіпкерлермен кәсіпорындардан қолдаушы таппадық. Паралимпиадаға Жаңаөзен қаласынан бір спортшысы қатысып, бірінші орынды жеңіп алды. Айбек Тілеуов халықаралық спорт шебері дәрежесіне ие спортшымыз «FEIЛП бағыты бойынша 1-орын, Бекзат Сәрсенов «ТестА» бағыты бойынша еінші орынға ие болды. Келесі жылы шетелге жарысқа баруға мүмкіндігіміз жоғары. Қазір біздің елімізде паралимпиадалық спорт, қарапайым спорт түрінен әлдеқайда алда. Әр түрлі инфрақұрылым нысандары бар. Мұның бәрі дамуға ықпал етеді. Әрине алда жасалатын жұмыс көп. Барлығымыз қоғам ретінде немесе осы проблемаға бей-жай қарамайтын адам ретінде мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарасымызды өзгертуіміз қажет. Егер барлығымыз қатыссақ, біз жеңетінімізге сенімдімін. - Спортшыларды кім жаттықтырады? Жылқыларды кім баптайды? Иппотерапиямен айналысады екенсіз. Сол жөнінде айтып берсеңіз? - Спортшыларды да, аттарды да өзім жаттықтырамын,баптаймын. Иппотерапия жүргіземін. Иппотерапия дегеніміз – қазақтың жылқы терапиясы. Бұл әдісті бүгінде әлем медицинасы иппотерапия деп атап кеткен. Иппотерапия – грек тілінде «hippo» - «ат» деген мағынаға ие, емдік мақсатына сәйкес халық санасында қалыптасқан ұғым – «атқа мініп жүру арқылы емдеу» дегенді білдіреді. 2018 жылы иппотерапия әдісімен 18 мүмкіндігі шектеулі азаматтары емдедік. Маман-дәрігерлер иппотерапияда атты «тірі тренажор» деп атайды. Шыныменде жүріп бара жатқан аттың дене қозғалысы адамға массаждай әсер етеді. Атқа отыру, жүру адамға биохимиялық әсер етіп, ағзасын нығайтады. Иппотерапияны пайдаланатын аттарды арнайы жаттығудан өткізіп, ем жүргізетін адамдарды да оқытып, әзірлейді. Бұл енді қолға алынып жатқан спорт түрі. Бұл саланы дамыту мақсатында барлық шараларды жасап жатырмыз.
Дарина АҚБЕРЕН