Маңғыстау облысында жалпы ұзындығы 191,5 шақырым болатын жолдар жаңартылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Болат Ережепов айтты. «Маңғыстау облысының пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 2846,1 шақырымды құрайды. Оның ішінде, республикалық маңыздағы – 1049 шақырым болса, облыстық және жергілікті маңыздағы – 1 797,1 шақырым. Облыста жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 92%-ды құрап отыр. Қайта құрылымдау жұмыстары 191,5 шақырымға жасалмақ. 19 дана су өткізгіш құбырлары жаңартылып, 218,8 шақырым жолға орташа жөндеу өткізіледі. Жоба құны – 27 015 млн. теңге»,– деді Б.Ережепов. Оның сөзінше, аймақта республикалық маңыздағы, облыстық және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының жаңартылуы қызу жүргізіліп жатыр. Облыстық және жергілікті маңыздағы «Ақтау-Қаламқас» және «Таушық-Шетпе» автомобиль жолындағы жасанды имараттарды қайта жаңарту 3 кезеңі бойынша 19 дананы құрады. Жоба құны 872 млн.теңге болды. «Ата жолы» 0-51 шақырым учаскесі автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша 1-кезең жұмыстарының құны – 5 041,8 млн. теңге. 2019 жылға дейін республикалық бюджеттен – 4 537 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 8,0 млн. теңге игерілді. 2019 жылға жергілікті бюджеттен 496 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі таңда 39 шақырым аумағына асфальт төселіп, 12 шақырым аумағының жол негізі дайындалған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының 90%-ы орындалды. «Құрық-Порт-Құрық» 22 шақырым автомобиль жолын қайта құрылымдау жұмыстары 2017 жылы басталып, 2019 жылы аяқтау жоспарлануда. Жоба құны – 8 263 млн. теңге. 2019 жылға дейін республикалық бюджеттен 7 713 млн. теңге игерілді. 2019 жылғы жергілікті бюджеттен 50 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда 22 шақырым аумағына асфальт жабындысы төселді. Құрлыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге қажет. Сондай-ақ «Жыңғылды-Шайыр-Шеркала мекені» 29,5 шақырым жолы, «Ата жолы» 51-97 шақырым учаскесі автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша 2-кезеңі, «Шетпе-Қызан» автомобиль жолын қайта құрылымдау 49-85 шақырым учаскесі және т.б. жолдар жаңартылуда. Орташа жөндеу бойынша «Ақтау-Қаламқас» 88-154 шм учаскесі, «Шетпе-Ұштаған» 6-60 шм учаскесі, «Тұщықұдық ауылына кіре беріс автокөлік жолдарын орташа жөндеу» 0-29 шм учаскесі, «Форт-Шевченко-Таушық» 0-52 шм жолдарында ауқымды жұмыстар жасалуда. Онымен қоса, облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жалпы 144,4 шақырымды жолдарда орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ал республикалық маңыздағы автомобиль жолдары қатарындағы «Бейнеу–Ақжігіт–Өзбекстан шекарасы» 1-лот 0-63 шақырым 15008,6 млн. теңге құрылыстың аяқталуы 2020 жылдың сәуір айында, 2-лот 63-85 шақырым 4964,9 млн. теңге құрылыстың аяқталуы 2019 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр. «Жетібай–Жаңаөзен» 0-35 км 10 734,1 млн. теңге құрылыстың және 35-73 шақырым 11 356,6 млн. теңге болар жобаның аяқталуы 2019 жылдың желтоқсан айы деп күтілуде. Жолдарды жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп қана қоймай, оның сапасына, мықтылығына да ерекше мән беріліп қадағалануда. Бұл жауапкершілік 2019 жылдың наурыз айында ашылған Маңғыстау облыстық «Ұлттық жол активтері сапасы орталығына» жүктелген. Жаңа мекеме республикалық, облыстық және жергілікті маңызы
Ханым ҚУАТ