14 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде Ашық есік күні өтеді. Медициналық шара сүт безі, жатыр мойыны, асқазан, өңеш және ішектің қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ашық есік күні сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін жалғасады. Тұрғындарды онколог, маммолог, онкогинеколог, эндоскопист және УЗИ дәрігерлері қабылдайды. "Тексерілуге келетін тұрғындар аш қарынға және өздерімен бірге жеке куәлік ала келуі керек. Тексеруден өткеннен кейін әрбір тұрғын тегін КТ (компьютерлік томография), МРТ (магниттік резонансты томография) өтуге мүмкіндігі бар" - дейді МО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА