Қазақстан мұнайының 120 жылдығы аясында КСРО-ның құрметті мұнайшысы Сафи Өтебаевтың ескерткішіне гүл шоғы қойылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Биыл Сафи Өтебаевтың туғанына 110 жыл толып отыр. Осы ретте Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері, Атырау облысының және Ақтау, Жаңаөзен қалаларының Құрметті азаматы, "Қазақ мұнайының атасы" атанған даңқты мұнайшының құрметіне орай тағзым ету рәсімі өтті. Ардагер мұнайшылар мен Ұлттық компания басшылығы ескерткішке гүл шоғын қойды. Сафи Өтебайұлының 110 жылдығына арналған митингте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, мемлекет қайраткері, «Қазақстанның Еңбек Ері» Ұзақбай Қарабалин және «Мұнайшы» қоры атынан Ләйла Марабаева сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.
Арай ЖАУПЕРОВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="84708,84707,84709,84710,84711,84712,84715,84713,84718,84719"]