Облыстық жастар ресурстық орталығында жас буын өкілдерінің цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы сауат ашу сабағы өтті. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облыстық филиалы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ХҚКО тренерлерімен дәріс ұйымдастырды. Басқосу аясында еріктілер цифрландыру саясатын іске асыру барысында жүзеге асып жатқан жобалар жай-күйімен етене танысып, сандық ақпарат мүмкіндіктері жөнінде мол мағлұматқа қанықты. «Жалпы мақсат - жастардың цифрландыру үрдісінен тысқары қалмай, заман ағымына сай жаңаша біліммен қарулануы. Осыған сәйкес электронды мемлекеттік қызметтерді де еш кедергісіз қолдануы өте маңызды. Облыстың әр түкіпірінен жиналған еріктілер өздері алған біліммен ауыл-аймақтардағы жастармен бөліседі»,-дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы МОФ баспасөз хатшысы Бағила Жарланова.
Голрох ЖЕМЕНЕЙ