Ақтауда 5 шілдеден бастап 9 «а», 14 «а» және 15 «а» шағынаудан теңіз жағалауында жарықтандыру жүйесін жөндеу, қалпына келтіру және көше шамдарын сырлау жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. Теңіз жағалауындағы жарықтандыру жүйесін қалыпқа келтірумен Ақтау электр желілері басқармасы айналысады. Айта кетейік, жөндеу жұмыстарына орай 5, 6, 7 шілде күндері шағынаудандарда мәдени-көпшілік шаралар өткізілмейді. Сондай-ақ жағалаудағы кәсіпкерлер де жұмыстарын уақытша тоқтатады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА