28 маусым – байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Маңғыстау облысының "Өңірлік коммуникациялар қызметі» журналистер арасында байқау жариялаған болатын. Журналистер 6 номинация бойынша мақалаларын ұсынды. Нәтижесінде тоғыз журналистің шығармашылық жұмысы үздік атанды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Биыл облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі бірінші рет журналистер арасында байқау өткізді. Оған журналистер МО Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингтер бойынша дайындаған материалдарын ұсынды. Байқауда «Үздік видеосюжет», «Мерзімді басылымдағы жарияланған мақалалар», «Интернет-ресурстардағы үздік жарияланым», «Үздік фотоматериал» және «Үздік баспасөз хатшысы» номинацияларының жеңімпаздары анықталды. «Мерзімді басылымдағы үздік жарияланым» номинациясы бойынша «Маңғыстау» газетінің тілшісі Валентина Қозыбақова, Голрох Жеменей, республикалық «Курсив» газетінің тілшісі Ольга Золотых, «Огни Мангистау» газетінің тілшісі Надежда Шульга үздік атанды. «Үздік видеосюжет» номинациясымен «Маңғыстау» телеарнасының тілшісі Айсара Айтман марапатталды. «Қазақпарат» ақпараттық агенттігінің тілшісі Әйгерім Ашықбаев мен «Маңғыстау медиа» ақпараттық сайттың тілшісі Жұлдызай Қалиева «Интернет-ресурстардағы үздік жарияланым» номинациясы бойынша көш бастады. Сонымен қатар «Үздік фото, видеоматериал» номинациясында «Маңғыстау медиа» ақпараттық сайтының фототілшісі Талант Құсайын топ жарды. Ал Қарақия ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Шынар Кендін «Үздік баспасөз хатшысы» атанды. Жеңімпаздар арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Жұлдызай Айдосқызы
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН, Саламат БЕКБАЕВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="82328,82334,82330,82333,82329,82331,82335"]