©
Маусым айынан бастап Ақтау қаласындағы орталық жолдар мен шағынауданішілік жасыл желектерді суару, ағаштарды қопсыту, қураған бұталарды қырқу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұған мамыр-маусым айларына бюджеттен 149 млн теңге бөлінген. Бұл жұмыстармен «РЭП» ЖШС мекемесі айналысып жүр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандарының айтуынша, қалада 92500-ге жуық ағаш бар. Оны мамыр-маусым айларында күтіп, баптауға 149 млн теңге бөлінсе, қаланың санитарлық тазалығына 560 млн теңге қарастырылып отыр. Енді әрбір ағаштың қураған бұталарын қырқып, түбін қопсытып, зиянкестерден қорғау, емдеуді «РЭП» ЖШС мекемесінің жұмысшылары атқарып жүр. Оған 100-ге жуық жұмысшы, суаруға 50 водовоз жұмылдырылған екен. «Суару жұмысы бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Бүгінгі күнге дейін көгалдандырушылар 1, 2, 3 «а», 3 «б», 4, 5, 11, 13, 14, 19, 19 «а», 22, 27, 28, 28 «а», 29, 30, 31 «а», «б», 32 «а», «б», 33, 34, 35 шағынаудандардағы ағаштарды суарды. Мұндай шара айына 3 рет жүргізіледі. Сонымен қатар қураған бұталарды қырқу, ағаштарды зиянкестерден қорғау, емдеу және көгалдар тырмамен тазалау жұмыстары жүріп жатыр», - дейді «РЭП» ЖШС-нің баспасөз қызметі. Айта кетейік, көгалдандыру жұмыстары 30-шы маусымға дейін жүргізіледі. Егер тазалық жұмысына қатысты тұрғындардың арыз, шағымы болса, 31-09-77 телефон нөміріне хабарласып айта алады.Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді «РЭП» ЖШС баспасөз қызметі ұсынды
Ақтау қаласы бойынша жасыл желектерді суару кестесі