«Жетістікке жетелейтін жеті қыр» тақырыбындағы облыстық «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалінің ашылуы салтанаты 24 сәуір күні Жаңаөзен қаласында өткен болатын. Аталған фестивальдің мақсаты: Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдығы, күйші Мұрат Өскінбаевтың 115 жылдығы, халық жазушылары Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойлары, «Жастар жылы» аясында жастардың рухани мәдениеті мен шығармашылық бастамашылығын дамыту және жетілдіруді мақсат еткен. Байқаудың ережесінің шарттары мен талаптарына сәйкес өнерпаздарымыз 9 аталым (номинация) бойынша сынға түсті. «Аспаптық, халықтық музыка» (оркестр және ансамбльдер); «Халықтық аспаптарда орындау» (жасына шек қойылмайды); «Дәстүрлі ән» (15-18 жас аралығы); «Көркемсөз оқу» (16-40 жас аралығы); «Хореография» (12 жастан жоғары); «Бейнелеу, графика» (15 жастан жоғары); «Эстарадалық музыка» (вокалды аспапты ансамбльдер); «Классикалық жанр» (хор, вокалды ансамбльдер); «Айтыс» (жасына шек қойылмайды) аталымдары. Ақтау қаласында өткен гала концертте Жаңаөзен қаласының өнерпаздары бірінші орынға ие болды. Бұл үлкен жеңісте өнерпаздармен бірге сыртында да қызмет еткен үлкен ұжым ауызбірлігі мен өнерге деген құрмет бар. Бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған байқауда жаңаөзендіктер жеңісі-алғашқы орындардан көрініп келеді. Аспаптық, халықтық музыка жанры «Оркестр» номинациясында Халықтық «Ұлт-аспаптары оркестрі» бірінші орынға, домбырашылар ансамблі «Аспаптық, халықтық музыка» номинациясы бойынша екінші орынды иеленді. Рахат Халбаев және Айжамал Есибаева «Халықтық аспаптарда орындау» бағытында үшінші орынға ие болды. Динара Шурабаева «Көркемсөз оқу», Ақмарал Сабырбаева мен «Батырбек Ұзақбаев «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапатталды.«Шұғыла» халықтық би ансамблі «Хореография» жанры «Эстрадалық сахналық би» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болса, «Аяла» халықтық би ансамблі үшінші орын жеңімпазы атанды. Жайна Шарауова «Хореография» жанры «Эстрадалық сахналық би», Асылбек Тлеубаев «Бейнелеу, графика», «Керуен» халықтық вокалды ансамблі «Эстарадалық музыка», Ғабит Бірмағанбетов «Классикалық жанр» Хор ұжымы - «Классикалық жанр» Қайырбек Тлеубаев, Мағжан Жұмабаев және Қуаныш «Айтыс» номинациялары бойынша Алғыс хатқа ие болды. Серік Шымбаев «Бейнелеу, графика» жанрында бірінші орынға, ал Абай Мусаев үшінші орынды иеленді. «Акапелла» вокалды ансамбль «Эстарадалық музыка» номинациясында үшінші орынды қанжығасына байлады. Жеңіс тұғырынан көрінген өнерпаздарды құттықтаймыз. Маңғыстаудың ерекше мақамының орны төл байқаудың төрінен болғай!
Дарина АҚБЕРГЕН