• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Цифрландыру жетістікке жетелейді

    [ 2019 ] 4 маусым, 06:54  |  Қоғам

    ©

    «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы, ең алдымен, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, заман талабына сәйкес ең озық білім беру үлгісін ендіруге бағытталған. Ғаламтор кеңістігі мен қуаты алпауыт сандық технология мүмкіндіктері ғылым мен техника саласында орнаған төңкеріске сеп болды. Сандық «ақылды» технология адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Әлеуметтік сала мен экономиканың әр алуан тармағына дендеп еніп, түбегейлі өзгерістер ала келді. Дамыған елдер цифрландыру сая­саты нәтижесінде бүкіләлемдік нарықта көш бастап келеді. Өн­діріс саласына үздік ғылыми технология­ларды енгізу өнімділіктің артуына және халықаралық бәсекелестіктің дамуына оң серпін береді. Елбасы ғылыми инновация­ға инвестиция құю – тұрақты даму кілті екендігін баса айтып, нақты тапсырмалар жүктеді. Экономика саласын цифрланды­ру еңбек өнімділігі мен экспорт көлемінің ұлғаюына, шығынның қысқарып, табыс көзінің молаюына, жоғары сапалы отандық тауарлар өндірісін дамытуға, қазақстандық брендтің оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Адам өмірінің барлық саласын қамтыған цифрландыру үрдісі елімізде ерекше қарқын алып келеді. Бүгінгі таңда сандық технология тіліне жетік жас IT­-мамандарды даярлауға аса мән берілуде. Цифрланды­ру саясатының екпіні ғаламтор желісінің кез келген жанға қолжетімділігімен ті­келей байланысты. Сол себепті білім ор­даларын ғаламтор желісімен және соңғы үлгідегі ақпараттық технологиялармен жабдықтау, оны білім беру үрдісінде үздіксіз пайдалану, робототехника, яғни робот жасау дағдыларын қалыптастыру өте маңызды. Біздің ұрпақ цифрлық қоғам жүйесінде ғұмыр кешуде. Сондықтан жас буынға ақпараттық технологиялар және оның қауіпсіздігі пәні аясында электрон­ды үкімет порталының жұмыс істеу алго­ритімін ұғындыру, электрондық құжаттар, цифрлық қолтаңба сияқты терминдерді таныстыру, мемлекеттік қызметтерді элек­трондық форматта алуға үйрету үлкен ма­ңызға ие. Осы жолы мақаламызда облыс аумағын­да белсенді цифрлық үкіметті құру бағыты бойынша жүзеге асқан іс­-шаралар туралы баяндаймыз.
    Еgov ел игілігіне жарады
    Цифрландыру саясатының көздеген мақ­саты – халыққа қызмет көрсету орталық­тарының ісін оңтайландыру. Бүгінгі таңда электронды үкімет порталы арқылы кез келген мемлекеттік қызметке онлайн қол жеткізу мүмкіндігі туды. Мемлекеттік қыз­меттер реестріндегі 742 қызметтің 634­-і мемлекеттік корпорация арқылы, ал 531-­і электронды түрде қолжетімді. Маңғыстау облыстық ХҚКО тұрғындарға 3 млн­ға жуық қызмет көрсетсе, оның 1 млн. 903 мыңы өз бетімен қажетті қызметке жүгін­ген. Соңғы үш жылда 475 мыңнан астам ЭЦҚ, яғни электронды цифрлық қолтаңба рәсімдеген. «Азаматтарға арналған үкімет» мемле­кеттік корпорациясының Маңғыстау облы­сы бойынша филиалы әлеуметтік бағыты бойынша зейнетақы мен жәрдемақының  42 түрін қамтып, төлемдер жүргізіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация – ҚР тұңғыш Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасының жүзінші қадамын орындау мақсатымен құрылып, жеке және заңды тұлғаларға мемлекет­тік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыратын бірыңғай про­вайдер. Оның құрамына «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тек­серу» және «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығы» кірді. Облыс халқы үшін мамандандырылған және миграциялық Халыққа қызмет көрсету орталықтары іске қосылды. Мамандан­дырылған ХҚКО – «бір терезе» қағидаты аясында халыққа жүргізуші куәлігін беру және автокөлік құралын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсететін меке­ме. Кешенде автокөліктерді тіркейтін және жүргізуші куәлігін беретін реттеу залдары, емтихан тапсыруға арналған класс, дайын құжаттарды беретін сектор, жол полиция­сы қызметкерлерінің кабинеттері және көлік құралдарының тіркеу куәліктері мен жүргізуші куәліктерін әзірлеуге арналған бөлмелер қызмет етеді. Ал миграциялық ХҚКО Қазақстандағы резидент еместерге ЖСН алу, медициналық тексеруден өту, сақтандыру анықтамасын рәсімдеу сын­ды мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін оңтайландыруға, оның мерзімін қысқар­туға және өзге де құжаттарға қысқа мер­зімде қол жеткізуге арналған. Таяуда ХҚКО-­ның электронды қызмет жүйесі paper free, egovkzbot сияқты жаңалықтармен толықты. Paper free немесе «анықтамасыз қызмет» сервисінің басты мақсаты – сарыла кезек күтіп, әр мекеменің табалдырығын тоздырып жүрген халықты қағазбастылықтан  арылту. Ендігі кезек­те мемлекеттік органдар жеке тұлғаның мекен­жайы, жылжымайтын мүлкінің бар-­жоғы сынды анықтамаларды онлайн рәсімдеу арқылы электронды үкімет пор­талынан ала алады. Смартфондағы telegram қосым­шасы арқылы @egovkzbot қызметі­не жүгіну мүмкіндігі туды. Халық арасында танымал телеграм­бот 25 түрлі мемлекеттік қызмет көр­сетеді. Олардың қатарында мекен­-жай анықтамасы, меншік құқығы, психоневрологиялық және наркологиялық ұйымда есепте тұратын­ тұрмайтыны, зейнетақы жинағы ту­ралы анықтамалар және балабақша мен баспана кезегін бақылау және басқа да қызметтер бар. Egovkzbot­-тағы сервистер арқылы дәрігер қабылдауына жазылып, борышкер­лер тізімінде бар­жоғын тексеріп, бос жұмыс орындарын қарауға бо­лады. @egovkzbot­ты қолдану үшін азаматтар кез келген ХҚКО­-ға ба­рып мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Сондай­-ақ шетелге шығуға салынған тыйымдарды тек­серу мүмкіндігі бар. Кезекті еңбек демалысы қарсаңында шетелде де­малып, туристік сапарға шығуды жоспарлаған қазақстандықтар алдын ала борышкерлер тізілімін­де бар-жоғына көз жеткізгені абзал. Де­ректерге сүйенсек, бір жыл бұрын іске қосылған @egovkzbot-­ты 300 мыңға жуық қазақстандық қолданып үлгерген. Мобиль­ді азаматтар базасына шамамен 6,8 млн. адам өз мәліметтерін енгізген. Бір жыл ішінде қағаз түрінде ұсынылатын құжат көлемі бірнеше есе қысқарған. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы ая­сында «электронды үкімет» жобасы о бас­тан халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, мұқтаждықтары мен қажеттіктерін өтеу, билік пен халық арасын нығайтып, өз­ара қарым­-қатынасын ыңғайлы, түсінікті, қарапайым және қолжетімді ету үшін әзірленді. Электронды үкімет порталын дамыту бойынша атқарылған шаруа аз емес. Бірақ алда күтіп тұрған міндеттер де ауқымды. Биыл кезекті Үкімет отырысын­да Ақпарат және коммуникациялар минис­трі Дәурен Абаев E­Gov 2.0 жүйесінен E­-Gov 3.0 сатысына көтерілу жоспарланып отырғандығын мәлімдеді. Яғни «Жасанды интеллект», «Проактивті қызметтер», «Интернет заттар» сынды заманауи тех­нологияларды қолдану арқылы портал қызметі дами түспек. Бұл жүйе Оңтүстік Корея, Сингапур, Ұлыбритания және Да­ния елдерінде кеңінен қолданылады екен. Сондай-­ақ алдағы жылы мемлекет тара­пынан электронды қызмет деңгейін 90 пайызға арттыру көзделіп отыр. Әрине, бұл – қуантарлық жағдай.

    Голрох ЖЕМЕНЕЙ

    1158
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақпан атаның мәңгілік тыным алған жері мен «Ақпан үйігі» Маңғыстаудан табылды

    Келесі жаңалық

    Еске алды қуғындалған құрбандарды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2686

      Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

      [ 2023 ] 24 шілде, 13:46
      886

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2659

      Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

      [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
      2109

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      3054

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5889

      Рубрикалар

        Біле жүріңізМаңғыстау жаңалықтарыРедакция туралыБейнеуФотоҚызық дерекҚұқықЭкономикаАудан тынысыСпортХабарландыру

      Автордың басқа да жазбалары

      «Zhas Project» аясында 285 әлеуметтік жоба іске асырылды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 12:40
      1757

      Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалануға байланысты жиын өтті

      [ 2019 ] 4 желтоқсан, 10:39
      2863

      Аймақтағы үздік журналистер марапатталды

      [ 2019 ] 28 қараша, 09:44
      1741

      Сапалы өнім – табыс көзі

      [ 2019 ] 18 қараша, 09:55
      2099

      Теңіз қоқысы тазартылуы тиіс

      [ 2019 ] 14 қараша, 06:14
      2295

      Жазасын өтегендер қоғамнан тыс қалмайды

      [ 2019 ] 12 қараша, 05:32
      1663

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»