Ақтаудағы жерлеу орындарын жөндеумен айналысатын зират қызметкерлері наурыз айынан бері жалақыларын ала алмай жүр. ЖК Талан Жанат мекемесімен жасасқан келісімшарт негізінде қалалық әкімдік қаңтар, ақпан айларында тиісті қаражатты төлеген. Наурыз айынан бастап мекеме мен әкімдік арасында шарт жоқ. Сондықтан қызметкерлердің жалақысын мекеменің өзі төлеуі керек. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Былтыр Ақтаудағы жерлеу орындарын жөндеумен ЖК Талан Жанат мекемесі айналысқан еді. Биыл бұл үшін жергілікті бюджеттен 6,6 млн теңге қаржы бөлінген. Қаржыны игеру үшін Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс өткен. Оған ЖК Талан мекемесі де қатысқан. Бірақ бұл қызметті атқаратын мекеме әлі анықталған жоқ. Өйткені жеке кәсіпкер сатып алу конкурсының қорытындасына шағым келтірген. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров баяндады. https://www.youtube.com/watch?v=S22yB1v1JKA «Биыл конкурсқа 6 мекеме қатысты, соның ішінде ЖК Талан Жанат мекемесі де бар. Жеке кәсіпкер конкурстан ұтамын, жұмысты жалғастырамын деп ойлаған еді. Комиссия шешіміне күмән келтіріп, ұсынған бағасының дұрыс екендігін айтып, конкурс заңсыз өтті деп шағымданды", - дейді ол. https://www.youtube.com/watch?v=CXj6WEttMRE Ұтатынына сенімді болған жеке кәсіпкер жерлеу орындарын босатпай отыр. Әкімдік тиісті аумақтан кетуін сұраса, жеке кәсіпкер "жеңімпаз мекеме әлі белгілі болған жоқ, сондықтан бұл жер біздің мекеме қарауында", - деп жауап береді екен. Қандай да бір келісімшартсыз жұмыс жасағандықтан қызметкерлердің 3 ай бойғы еңбек ақысын кәсіпкердің өзі төлеуі тиіс деп отыр әкімдіктегілер. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, конкурста ең төменгі баға ұсынған «КББ Групп Сервис» мекемесі жеңімпаз ретінде анықталып тұр. Десе де ҚР Қаржы министрлігінің жауабы екі айдан соң белгілі болмақ.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="80598,80599,80600,80601"]