• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 3 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

    Қызылсай ауылына - 60 жыл: дүбірлі тойдың дайындығы

    [ 2019 ] 13 мамыр, 09:40  |  Қоғам

    ©

    Ауыл идеологиясын ұлт пен мемлекет идеологиясының күретамыры деп бағалаған қазақ үшін ауыл - қашан да руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтардың алтын бесігі, береке мен байлықтың, ырыс пен несібенің бастауы. Былтыр 50 жылдығын тойлаған Жаңаөзен халқы үшін биыл да мерекелі жыл болғалы тұр. Іргелес Теңге ауылымен қатар қала құраушы ме­кеме «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына 55 жыл толса, Өзен жұртының қарашаңырағына айналған Қызылсай ауылы 60 жылдық мерейтойын тойлағалы отыр. Тойлы ауылдан хабар алып, дүбірлі тойдың дайындығын өз көзімізбен көрмекке Қызылсайға барған болатынбыз. Іргесі өткен ғасырдың елу тоғызыншы жылдары қаланып, Маңғыстау даласына май іздеп келген барлаушылардың тұрағы болған Ескі Өзенге биыл 60 жыл. Торқалы тойды өткізу үшін ауыл аза­маттарынан ынталы топ құрылып, дайындық жұмыстары басталып кеткен. Құрамына кәсіпкерлер, ме­кеме басшылары, депутаттар, белсенді азаматтарды біріктірген топқа Бекболат Нұрлыбаев пен Оразалы Әділов жетекшілік етеді. Алдымен ауылдың ардагерлер үйінде бас қосқан ұйымдастыру алқасы іс-шараға орай жасаған жоспарларымен бөлісті. Мерей­той аясында ауыл кіреберісіне стелла орнатылып, саябақ жаса­лып, ішіне алғашқы бұрғышыларға арнап ескерткіш мүсін қойылмақ. Мектеп алдына тарихи жеті беттік стенд орнатылып, оқу ордасының жертөлесінен балаларға арнап спорт бөлмелері жабдықталмақ. Ұйымдастырушылар одан бөлек, ауылға спорт және балалар алаңдарын жасау, спорт кешені алдындағы ескірген шағын футбол алаңын ау­ыстыру, мәдениет, спорт, әкімдік, мешіт алдын қоршап, безендіру, ауыл кіреберісіндегі шар-бақтарды қайта жасау, іріқара малға екпе жа­сау үшін ауыл сыртынан қора салу және тағы да басқа көптеген ұсақ-түйек жұмыстар атқаруды көздеп отыр. Ауылдың ардагерлер үйінде өткен шағын мәслихаттан кейін Қызылсай ауылы әкімінің м.а. Ра­сул Абишаев пен ынталы топтың жетекшілері жұмыс басына ертіп апарып, жасалып жатқан шаруа ба­рысымен таныстырды.
    Көше көркі - көкжелек
    Ұйымдастырушылар жұмыстарын ауылға кіреберістегі жол бойындағы ағаштардың айналасын қайта қоршаудан бастаған екен. «Ауыл болғасын мал болады, кей­де қараусыз қалып жатады. Сон­дай кездерде ескі қоршаулар ала­са болғандықтан жол бойындағы ағаштарды төрт түліктің та­пап, жеп кететін кездері жиі кездеседі. Сондықтан, ең алдымен осы қоршауларды жаңартуды қолға алдық. Бұл орайда, тех­никамен қамтып, жұмыс күшін бөліп отырған «Өзенмұнайгаз» АҚ қарасты №3 Мұнай-газ өндіру басқармасының бас инженері, Қызылсай ауылының тумасы Мақсат Тоқбановқа рахмет айтамыз. Сондай-ақ, үнемі өзінің ақылын айтып, жастарға бағыт-бағдар беріп жүретін көп жылдар ауылдағы ақсақалдар ұйымын басқарған Жақсылық Көңілімқосұлы ағамызға да ризашылық білдіреміз. Жұмыстар мұнымен шектеліп қалмайды. Бітіп жатқан іс те аз емес. Таяуда ғана ауыл малдарын суаруға арналған 2 үлкен құдық қаздырдық», - дейді ұйымдастыру алқасының төрағасы Оразалы Әділов.
    Өлі разы бол­май, тірі байы­майды...
    Кез келген жер басып жүрген пенденің барар жері бақилық мекен екенін түйсінген халқымыз үшін бұл сөздердің астарында үлкен мән жатыр. Себебі, әруақты құрметтеу, оған дұға жасау осы дүниедегі қолдан келген амалдарды жүзеге асырудың өзі баға жетпес сауапқа кенелтетіні белгілі. Әрі-беріден соң, бұл адамгершіліктің, рух тазалығының көрінісі. Қызылсай ауылында ел арасында «Орыс мола» ата­лып кеткен христиандардың қорымы бар. Бұл жерге әуелде осы жерді қоныс еткен өзге ұлт өкілдері жер­ленген. Тұрғындардың айтуынша, қазірдің өзінде берісі Жаңаөзеннен, арысы Ақтаудан әкеліп адамдар қойылады. Мыңнан астам қорымы бар зираттың бүгінгі жағдайы мәз емес. Әбден ескірген, мазарлардың кейбір жерлері вандалдардың шабуылына ұшыраған. «Көпұлтты мемлекетпіз. Тағдырдың айдауымен жерімізге қаншама ұлт өкілі келіп қоныстанып, өз бақытын Қазақ елінен тап­ты. Осында өсті-өнді, соңында осында жерленді. Қашанда өліні құрметтеген халықпыз. Зираттың мұндай жағдайға түсуі ең ал­дымен адамдығымызға, одан соң қазақтығымызға сын. Көптен ойда жүрген шаруа болатын. Орайы міне, қасиетті Рамазан айына келіп тұр», - деген Оразалы Әділов қорымның сыртын қоршап, ішіне тазалық жұмыстарын жүргізуді қаламыздағы Дүйсен Медеуов басшылық ететін «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС мен ауылдың жеке кәсіпкері Ермек Ғайниев бірлесе қолға алғанын айтты. Қызу жүріп жатқан құрылыс жұмыстары таяу арада аяқталмақ.
    Өңір жауһары бейнесінде
    Алпыс жылдықтың қарсаңында жүзеге асқалы отырған жұмыстардың ең ауқымдысы - ауыл кіреберісіне салынатын саябақ құрылысы. Жалпы аумағы 12 мың шаршы метрді құрайтын саябақта үлкен стелла, бұрғышыларға ескерткіш және мұнайшылар мұнарасы орналаспақ. Идея авторы әрі осы құрылысқа жауапты азамат - елімізге білгілі шебер Қуаныш Әлиев. Ол Маңғыстаудан шыққан атақты жыр перені Ұзақбай Қазжанұлының туған немересі. Кесене салып, ескерткіш, мүсін, тарихи жәдігерлерге жан бітірген шебер. Қаладағы «Дулыға», «Тайқазан» секілді тарихи құрылыстардың са­лынуына қатысқан, сандық, асық, торсық, барыстар, домбыра секілді мұнайлы шаһарға көрік беріп тұрған ұлттық құндылықтардың авторы. Қазір өзінің шеберханасында ба­лаларды оқытады, шеберлікке ба­улиды, алтын-күмістен зергерлік бұйымдар жасайды. «Әр өңірдің өзінің ерекшеліктері болады. Дизай­нер, суретші адам тарихты да жете білуі керек», деген Қуаныш шебер Қызылсай ауылының 55 жылдығына орай салынған «Қарашаңырақ» тарихи ескерткішінің және ауыл­да Ұзақбай Қазжанұлына арнап қойылған ескерткіш-мүсіннің де ав­торы. - Қызылсай ауылының тари­хын бұрғышылардан бөліп-жарып қарай алмаймыз. Ауылдың ең бірінші тұрғындарын осы мұнай барлаушы экспедицияшылар, алғашқы мұнайшылар құрағанын барша Маңғыстау жұрты біледі. Сондықтан нысан қандай сипат­та болады дегенде, ең әуелі осы мұнайдың, бұрғышының бейнесі көз алдымызға келді. Стелланың қақ ортасында биіктігі 9 метр алты бағаннан тұратын, үстінде «Қызылсай» деген атауы бар үлкен құрылыс нысаны болады. Одан ары қарай әрқайсысы 4,5 метр биіктікті құрайтын бұрғышы бейнелері орнатылмақ. Биіктігі 9 метр мұнайдың мұнарасы да осы аллея ішінен орын теппек, - дейді Қуаныш Әлиев. Жұмысы басталып кеткен құрылыс алаңында 10 шақты жігіт еңбек етіп жатыр. Бас шебердің айтуынша, барлығы өз ісінің маман­дары. Жанындағы шеберлік оқуын сонау Ленинградтан тәмамдап кел­ген ауылдың тумасы Оразбек деген жігітті ерекше атады. Қажетті құрылыс материалдарын Алматы жақтан алдырып жатыр екен. Барлығы ойдағыдай болса, күзге дейін бітіреміз деп отыр.
    Мақсатымыз - болашақ ұрпаққа берері бар дүние жасау
    Бекболат Нұрлыбаев, «Өзенмұнайгаз» АҚ өндірісті же­дел басқару департаментінің директоры, ұйымдастыру алқасының төрағасы: - Елбасымыз, Тұңғыш Прези­дент Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым ауылды дамытуға ерекше мән беріп, ауыл мен қазақтың ажырамас ұғымдар екенін айтып келеді. «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында да Н.Әбішұлы қазақтың түп-тамыры ауылдан басталатыны туралы айтып, ауылды дамыту - бүкіл елді дамытудың алғышарты екендігін ашып көрсетеді. Біз де өз кезегімізде Елбасының сөздерін басшылыққа ала отырып, жұмысымызды бастадық. Мақсатымыз - даңғара той өткізу емес, болашақ ұрпаққа берері мол, ізінен қалдырар мұрасы бар дүние жасау. Өздеріңіз білесіздер, Қызылсай Бе­кет Атаға баратын жолдың бойында тұр. Өзіміздің Қазақстаннан өзге алыс-жақын шетелдерден келіп, Атаға зиярат етушілер біздің ауылымыздың үстінен өтеді. Сол үшін ең бірінші қолға алған үлкен жобамыз - ауылға кіреберісте үлкен аллея салу болды. Бір жағынан ауылдың көркі, екіншіден жастарға, жалпы ауыл тұрғындарына дема­лыс орны, қонақтарға кідіріп, бой жазатын жер болмақ. Нарық за­маны болғаннан кейін шаруаның бәрі қаражатқа тіреледі. Негізгі қаржы өндірістік мекемелерде жұмыс істейтін және жеке кәсіппен айналысатын ауылдың жанашыр азаматтарының есебінен жиналып жатыр. Материалдық, техникалық жағынан қолдау білдіріп жатқан қала құраушы «Өзенмұнайгаз» компаниясына, мекеме басшыларына да көптен-көп алғыс ай­тамыз. Дайындық барысымен таныстырған Расул Абишаев: - Мереке аясында атқарылып жатқан іс-шаралардың барлығы ауыл тұрғындарының талап-тілектерін ескере отырып жасалып жа­тыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Қол ұшын беріп, көмектесіп жатқан барша жанашыр азаматтарға, қаламыздағы іргелі мекемелерге алғыс айтамыз. Осындай ауызбіршіліктің арқасында бастаған ісімізді абыроймен аяғына дейін жеткіземіз деп сенеміз. Той қарсаңында айта кететін тағы бір қуанышты жайт - елімізге белгілі жырау Ұзақбай Қазжанұлы есімі ауылдың мәдениет үйіне берілуі болып отыр. Жырауға арнап ескерткіш-бюст орнаттық. Бұйырса ресми ашылу салтанаты алпыс жылдық тойдың қарсаңында өтеді, - деді. Қызылсайлық ағайын дүбірлі тойдың қамына қызу кірісіп кетті. Жоғарыда аталған жұмыстардан бөлек, мәдени-спорттық шара­лар өткізу де жоспарда тұр. Ауылдың алпыс жылдық мерейтойы қазан айының 11 жұлдызына белгіленген концерттік бағдарламамен қорытындыланбақ. Енде­ше, қызылсайлықтарға торқалы тойға дейін ойға алған шаруаларыңыз толығымен атқарылып, жоспарларыңыз орындалсын деген тілек білдіреміз.

    Айжан НАСЫРОВА

    1956
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстаудағы егіншілік туралы

    Келесі жаңалық

    Теңге ауылына - 55 жыл: дайындық қалай жүріп жатыр?

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2702

      Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

      [ 2023 ] 24 шілде, 13:46
      925

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2681

      Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

      [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
      2133

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      3172

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5907

      Рубрикалар

        Қазақстан жаңалықтарыБіле жүріңізАнықтама бюросыӘдебиетСаясатӘлем жаңалықтарыСұхбатРухани жаңғыруЭкономикаТағайындау

      Автордың басқа да жазбалары

      Жаңаөзенде 2019 жылдың үздік жастары анықталды

      [ 2019 ] 6 желтоқсан, 07:18
      1884

      Менің Астрахань сапарым

      [ 2019 ] 2 желтоқсан, 05:00
      2323

      Жаңаөзенде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті

      [ 2019 ] 8 қараша, 09:10
      1623

      Жеңімпаз жерлестеріміз алғысқа бөленді

      [ 2019 ] 18 қазан, 10:40
      1524

      Журналист оқушылар арасында

      [ 2019 ] 4 қазан, 05:09
      2051

      «Өз ісінің шебері» тігін шеберханасы

      [ 2019 ] 27 қыркүйек, 11:50
      2290

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»