©
Ақтауда Жеңіс күніне орай "Абай" атындағы мәдени-демалыс кешені ұжымы және жергілікті өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Қала тұрғындары алдымен «Жеңіс вальсі» үрмелі аспаптар оркестрінің мерекелік бағдарламасын тамашалады. Содан кейін «Жеңіс туы желбіре» атты кешкілік концертті көруге асықты. Мерекелік бағдарлама «Настроение» би ансамблінің «Қазақ биі» туындысымен басталды. https://www.youtube.com/watch?v=PXRz5ecz2H0 Сонымен қатар «Мәңгілік алау» жанына жиналған қауым «Ах война», «В землянке», «Ветеранам минувшей войны», «Джигиты», «Соғыстың соңғы әні» сынды жеңіске жетуге рух берген әуендерді тыңдады. Сондай-ақ «Асыл азамат», «Сез мені», «Уайымдама», «Тек алға», Бейбіт күн тілегі», «Қазағым» атты құлақтан кіріп, бойды алатын патриоттық, әсем әндер шырқалды. Кешкілік серуенге шыққан көпшілік мың бұрала билеген бишілердің өнеріне тәнті болды. Концерт мерекелік от шашумен аяқталды. https://www.youtube.com/watch?v=M5WpP4IGVpkЖұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="79113,79112,79111,79110,79108,79107,79106,79114,79116"]