©
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикамыздың телеарналары арқылы халыққа Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Үндеуін жария етті. Бұл Үндеу баспасөз беттерінде жарияланды. Оны көріп, басылым бетінен оқыдық. Президент өз сөзінде мұндай шешімді Үкімет, Парламент және партия басшыларымен ақылдаса отырып шешкенін жеткізді. Мұның өзі елдегі тыныштықты, тұрақтылықты, саяси-әлеуметтік беріктікті сақтауға негіз болатыны анық. Демократиялық қоғамда ретретімен, тәртібімен болатын кезектен тыс сайлау Қазақ елі үшін сындарлы жаңа кезеңнің бастауы болып, оң нәтижелерге қол жеткізуге негіз болмақ. Ата-баба аңсаған Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін елдегі саяси тұрақтылық пен экономикамыздың қарқынды дамуы бүгінде ауадай керек. Елдің бірлігі, ынтымағы, бейбітшілігі біздің баға жетпес құндылығымыз. Сол үшін алдағы өтетін сайлау елдің келешегінің гүлденуіне, құлпыра түсуіне негіз салып, әлемнің озық елдері қатарына жедел қосылуға негіз салатын даңғыл жол деп есептеймін. Соған орай Президент Үндеуін қолдап, сайлауды ұйымшылдықпен өткізуге үндеймін. Жаңару мен жаңғырудың даңғыл жолына түскен еліміздің жаңа басшысын сайлауда бел сенділік танытайық, ағайын!Табылды ӘМІРОВ, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы, Мұнайлы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы