©
Аса қауіпті аурулардың жануарлар мен адам арасында таралуы, ауырған ағзадан сау ағзаға жұғу қабілеттігі – зооантропоноздық (адамдар мен жануарларға ортақ) қабілеттік. Зооантропоноз ауруларының тізіміне сібір жарасы, бруцеллез, туберкулез, құтырық, экинококкоз сияқты т.б. аурулар кіреді. Адамзатқа осы аурулар ежелгі заманнан әйгілі болған және адамдар олардың алдын алу тәсілдерін ойластырып, емдеу арқылы күресе білген. Аталмыш аурулардың қоздырғыштары қолайлы жағдай туындап індет қоздыру қабілеті артқанша табиғатта сақталады. Олардың ағзаға індет қоздыру қабілеттілігі бастапқы немесе мутациялық өзгерген түрде әсер етеді. Осыған байланысты індетпен күрес түрлері де ауқымды және әртүрлі болып келеді. Осыған орай, Маңғыстау облысы аумағында эпизоотиялық ахуалды қатаң қадағалай отырып, жануарлар арасында аса қауіпті аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында ауруға қарсы ветеринарлық препараттардың іс-қимыл жұмыстары ақысыз негізде (тегін) атқарылуда. Облыстың аудандары мен қалаларының аумағындағы ауыл шаруашылық субъектілерінің барлығында ауыл шаруашылық жануарларының алдын алу жұмыстарымен қатар диагностикалық ветеринарлық іс-шаралар ақысыз негізде (тегін) жүргізіледі. Сонымен қатар клиникалық, аллергиялық, патологоанатомиялық, серологиялық, бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер жүргізіледі. Атқарылып жатқан ветеринарлық-санитарлық алдын алу шаралары туралы облыс тұрғындарын хабардар ете отырып, тұрғындардың өздерінің тараптарынан мына жағдайларды назарға алып, орын алған жағдайда дереу ветеринария мамандарына хабарлауын және мүлтіксіз орындауын сұраймыз:М.МУХАНБЕТОВА, «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ эпизоотиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы