• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    «Педагог мәртебесі туралы» заңның жобасы түсіндірілді

    [ 2019 ] 5 ақпан, 06:53  |  Қоғам

    ©

    Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Өңірдің білім саласына қанша жас маман тартылмақ, оларға мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?» деген сұрақтарға жауап беріліп, «Педагог мәртебесі» заңының жобасы туралы мамандар ой өрбітті. Брифингке облыстық білім басқар­масы басшысының міндетін атқару­шы Асқар Сейдалиев, облыстық оқу-­әдістемелік және қосымша білім беру орталығы директорының міндетін атқарушы Амангелді Қашқынов, түрлі пәндерді те­реңдетіп оқытатын дарынды балаларға ар­налған облыстық мамандандырылған мек­теп­интернаттың информатика пәні мұғалімі, робототехника үйірмесінің жетекшісі Жан­на Сергеева,  Мұнайлы  ауданы, №2 жал­пы білім беретін орта мектептің алғашқы әскери  дайындық және орыс тілі пәні мұ­ғалімі Бақытжан Бекжанов қатысып, алды­мен тақырып аясында қысқаша мәлімдеме өткізген спикерлер, БАҚ өкілдері сұрақтарына жауап берді. – Өздеріңіз білесіздер, Елбасымыз өткен жылғы өз Жолдауында үкіметтің алдына көп­ теген мәселелерді қойды, соның бірі мұғалім мәртебесін қалпына келтіру туралы заңды қабылдау туралы болатын. Қазіргі таңда Ел­басы тапсырмасын орындау мақсатында құ­рамында қоғамдық ұйым өкілдері, кәсіподақ ұйымы өкілдері, заңгерлер, депутаттар, көптеген лауазымды тұлғалар бар жұмыс тобы құрылып, заң жобасы әзірлену үстінде. Жұмыс тобының веб-­сайты ашылды, оған көптеген сауалдар түсіп жатыр. Әрбір аза­мат министрліктің веб­-сайттарына өз пікір­лерін ашық түрде жолдап өтініш беруге мүмкіндігі бар. Жұмыс тобы әр облыстың азаматтарынан түскен өтініштерді сараптап, «Педагог мәртебесі» туралы жаңа заң жоба­сын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаттарының назарына ұсынбақ. Алдағы уақытта шешімі де шығып қалар, – де­ді Асқар Сейдалиев. Бұдан әрі білім басқарма­сы басшысының міндетін атқарушы облысы­мызда 18 759 мұғалімдер мен тәрбиешілер жұмыс істейтінін, соңғы үш жылда 2484 жас маман жұмысқа қабылданғанын, жалпы пе­дагогтар арасындағы жастардың үлесі – 31%-ды құрайтынын айтып өтті. Педагог болуға қадам жасаған жастарға көптеген жеңілдік­тер қарастырылғанын, жастарды қолдап, кө­термелеуге арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа тартылған мамандарды жатақханамен, баспанамен қам­тудан бөлек жалақысына қосылатын үстеме ақы, біржолдық көтерме ақы т.б. барлығын айтты. Спикердің сөзінен жергілікті жас ма­мандарды қолдау мақсатында аса қажетті мамандықтарға арнайы қаражат бөліп оқу орындарына тарту мақсатында жыл сайын об­лыс әкімінің гранты берілетіні, облыс бойын­ша бөлінген гранттың басым бөлігі білім са­ласына бөлінетіні, былтыр 50 грант бөлінсе, биыл тағы 148 грант бөлініп, сол бойынша білім басқармасы мамандары мониторинг жа­сап отыратыны белгілі болды. Тілшілер тарапынан жасы келген мұғалім­дердің орнына мамандар даярлана ма, зейнет жасынан асқан мұғалімдер туралы айтуын өтінген сұраққа басқарма басшысының мін­детін атқарушы лауазым иесі «Болашақта зейнет жасындағы мұғалімдерді жас маман­дармен ауыстыруымыз қажет. Бұл мәселе бойынша сараптау жүріп жатыр, бірақ олар­дың жас мұғалімдерге өз тәжірибесін бе­руде көп көмегі бар, сондықтан олардың іс­тәжірибесін алуымыз керек. Облыс әкімі гранты арқылы қажетті мамандарды оқытып, зейнетке шығатын мұғалімдердің орнына жас маман даярлап отырмыз. Ол процесті реттеп отыру үшін мониторинг жүргіземіз», – деп жауап берді. «Мұғалімдерді әкімдік тарапы­нан олардың негізгі қызметіне қатысы жоқ түрлі әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарға жегу мәселесі тоқтатыла ма? Тартылған жағдайда жергілікті атқарушы билік басшылары бел­гілі бір көлемде айыппұл тарта ма?» деген сұраққа, Асқар Сейдалиев мұғалімдерді өз мамандығына қатысы жоқ жұмысқа тартқан заңды тұлғаларға 3-­15 АЕК көлемінде айып­пұл қарастырылғанын айтты. Сонымен қатар мұғалімдердің баспана алуға несие алу кезін­де мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарас­ тырылғандығы белгілі болды. Осы мәселе бойынша сөзге араласқан жас маман Жанна Сергейқызы: – Мұғалімдер мәртебесін арттыру туралы жаңа заңда жалақының көбеюі, баспанамен қамту, жүктемені азайту туралы жаңалықтар бар. Оның үстіне педагогтардың жоғарғы оқу мерзімі оның жалпы еңбек өтіліне қосылады. Мысалы, менің еңбек өтілім 3,5 жыл болса, оған 4 жыл оқыған мерзімім қосылып, 7,5 жылдық еңбек өтілге ие болып отырмын. Бұл – мен үшін үлкен жеңілдік әрі жеңіс, – деп жауап берді. Сондай-­ақ брифингте әлеуметтік желіде көрініс тапқан жасы үлкен оқушы балалардың өздерінен кіші балаларға әлімжеттік көрсету мәселесі де сөз болды. Басқарма басшысының міндетін атқарушы А.Сейдалиев ондай келең­сіздіктердің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, бірақ біздің облысы­мызда да құқық бұзушы балалар санының аз еместігін айтып, болашақта солардың санын азайту мақсатында жұмыстар жүріп жат­қандығын, соның нәтижесінде өткен жыл­дарға қарағанда құқық бұзушылар тізімінде тұрған балалар санының азайғанын жеткізді. Облыстық оқу­ә-дістемелік және қосымша білім беру орталығы директорының міндетін атқарушы Амангелді Қашқынов қосымша білім беру бойынша өз пікірін білдіріп,«Қазіргі таңда мұғалімдер жалақысы көтерілгенін, жа­ратылыстану пәндерінің мұғалімдері 3 тілде білім беруге көшіп, жалақысы лауазымдық айлықтан 200 пайыз қосылады. Облысымызда мұғалім ағылшын тілінде сабақ береді 416 мұ­ғалімге жаңағы айтқан 30%­-дық үстеме ақы қосылады, қосымша білім де осының ішін­де», – деді. «Жаңа заңды жасақтау комиссиясы құра­мында аймақтан өкілдер бар ма?» деген тіл­ші сұрағына облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева «Жаңа заңды жасақтау комиссиясы құрамын­да біздің аймақтан мамандар жоқ, бірақ ашық сайттар арқылы комиссияға кез келген азамат сол заңға қатысты өз пікірін білдіре алады, сол сұрақтарды негізге ала отырып, жаңа заң жобасы жасақталып шығады. Бүгінгі таңға ко­миссия адресіне 10 мыңнан астам сұрақ келіп түскен, осының бәрі сарапталып, іріктеліп заңға кірістірілуі мүмкін», - деп жауап берді. Мұғалімдер қатарына ер-­азаматтарды тарту мәселесі сөз болғанда, Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы №2 жалпы білім беретін орта мектептің алғашқы әскери дайындық және орыс тілі пәні мұғалімі Бақытжан Бек­жанов өзі қызмет ететін мектепте 40% ер­-азамат жұмыс жасайтынын алға тартты. «Жалақының өсуі ер­-азаматтарды мұғалімдік мамандыққа тарту процесін тездетуге негіз болады деп ойлаймын. Өзім біліктілік тестін тапсырып, 30%-­дық үстеме ақыға ие болдым. Екінші мамандығым алғашқы әскери даярлық пәнін қатар алып келе жатырмын. Еңбекақым жаман емес. Қазір педагогтардың еңбек өті­лі 30 жылдан асқан соң, зейнетке шығуына мүмкіндігі бар. Бұл – өте қуанышты  жағдай. Бұрынғыдай емес, мұғалімдер алдында таңдау бар, біреу кәсіпкерлікпен айналысуға кетуі мүмкін, біреу денсаулығына байланысты зей­нет демалысын алуы мүмкін. Бұл өте жақсы, бірақ ол үшін 30 жыл үздіксіз жұмыс жасау керек», – деді ауыл мұғалімі. Облыс бойынша белгілі пәндерді үш тілде оқытуға өтуі турасында 1451 мұғалім физика, информатика, химия, биология курстарынан өткендігі, оның ішінен 431 мұғалім сабақ бе­ріп отырғаны белгілі болды. Британдық Кеңес арасында келісім бойынша аталған жоба үш тілде білім беру саясатын іске асыру аясын­да Қазақстанның мектептерінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытуға жоспарлы түрде көшуге қолдау көрсету мақсатында іске асырылуда. Маңғыстаулық білім басқармасы басшылары алғашқы лекте 186 мұғалім оқы­туды жоспарлап отыр. Үстіміздегі жыл бойы 3 кезеңде шетелдік мамандар мұғалімдерді оқытып, даярлайды. Одан бөлек 308 мұғалім онлайн түрінде дәріс алуда. Брифинг қонақтарының бірі облысымыз­да қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ беретін мұғалімдердің бірі Жанна Сергейқызы: – Маңғыстау облысынан 400-­дей мұғалім ағылшын тіліндегі курстан өтіп, оқушыны көптілді азамат етіп оқытып шығару бағы­тында сабақ өткізуге үйрендік. Менің бай­қағаным, сабақты орыс тілінде оқығаннан гөрі, ағылшын тілінде оқу әлдеқайда қызықты өтуде, – деп өз тәжірибесімен бөлісті. Жиын соңында білім басқармасы бас­шысының міндетін атқарушы Асқар Сейда­лиев «Педагог мәртебесі» заңының жобасын әзірлеп жатқан республикалық жұмыс тобы мүшелері ақпан айында облысты аралап, кеңесу жұмыстарын жүргізу үшін келетінін айтып, «Сол кездесуге баспасөз өкілдерін қатыстыруға тырысамыз» - деп уәде берді.

    Үміт ЖӘЛЕКЕ

    1382
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Тіл тазалығы неден бұзылды?

    Келесі жаңалық

    Тоғжанов пәтері бірнеше рет сатылған үйдің үлескерлерімен кездесті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2703

      Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

      [ 2023 ] 24 шілде, 13:46
      928

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2684

      Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

      [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
      2134

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      3175

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5913

      Рубрикалар

        СұхбатХабарландыруМұнайлыСпортСаясатТүпқарағанРедакция ұжымыЖарнамаЖастар беті

      Автордың басқа да жазбалары

      Жерлесіміз жүлдегер атанды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 10:00
      2371

      Ақтауда ақынға арналған кеш өтті

      [ 2019 ] 28 қараша, 12:36
      2474

      Саңлақ күйші Сержан Шакраттың 80 жас мерейтойы аталып өтті

      [ 2019 ] 8 қараша, 09:23
      2210

      Ақтауда жас педагогтар форумы өтті

      [ 2019 ] 4 қараша, 09:36
      1991

      Мұрын жырауға арналған кеш

      [ 2019 ] 29 қазан, 06:32
      2520

      Скрипкашы Айман

      [ 2019 ] 25 қазан, 05:04
      2446

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»