"Нұр Отан" партиясы Жаңаөзен қалалық филиалында "Мектеп асханаларын жаңғырту" жобасы бойынша отырысы өткен болатын. Жобаның мақсаты – асханалардың құрал-жабдықтарын жаңалау, тағамның сапасын арттыру. Қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Худибаевтың төрағалығымен өткен басқосуға білім бөлімінің басшысы Т.Жұмалиев, қалалық мәслихат депутаты А.Исаева, «Жаңаөзен» газетінің бас редакторы, Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Г.Бөлекбаева, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ж.Идрисова және басқада мүдделі тараптар қатысты. Осы жоба аясында арнайы өңірлік ведомствоаралық сараптама тобы құрылып, Теңге, Рахат ауылында орналасқан мектептердің және Рауан шағын ауданында орналасқан №22 орта мектептің асханасына мониторинг жүргізді. - Ет, сүт өнімдері өздерінің арнайы температуралық режимінде мұздатқыштарында, шикі және дайын өнімдер бөлек-бөлек тоңазытқышта сақталады. Тамақтар күндегісін күнде келіп отырады. Ұн өнімдеріне де арнайы қоймалары бар. Барлық өнімдер өзіндік сақтау мерзіміне қарай қолданылады. Қазірге кемшіліктер байқалып жатқан жоқ, - дейді Жаңаөзен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Жанат Идрисова. Жаңаөзен қаласы Рахат ауылында орналасқан №15 орта мектепте 1 сынып - 244 оқушы, 134 - аз қамтылған отбасының балалары, №18 орта мектепте 1 сынып - 365 оқушы, 340 - аз қамтылған отбасының балалары ыстық тамақпен қамтылған. Сол секілді Рауан шағын ауданында орналасқан №22 орта мектепте 1 сынып - 183 оқушы, аз қамтылған отбасының 216 баласы ыстық тамақ ішеді. Жаңаөзен қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Худибаев - Қалада 24 мектеп бар. 7600-дей бала ыстық тамақпен қамтылады. Оның ішінде 2900-ге жуығы отбасы жағдайы төмен балалар, қалғаны бірінші сынып оқушылары. Біздің мақсатымыз тек тексеру емес, қадағалау. Ең бірініші орында балалардың денсаулығы.
Өз тілшіміз