Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылында электр желісінің тұйықталуынан болған өрт кезінде зардап шеккен отбасыға қаржылай көмек беріледі. Қала әкімдігі тұрғын үйді жөндеуден өткізу мәселесін шешті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты әкімдіктің ұйымдастыру бөліміне сілтеме жасап.
Бұл үйде 8 адам тұрады. Қазір зардап шеккен отбасының жай-күйін Жаңаөзен қаласы әкімі бақылауына алды.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша күні сағат 16.00 шамасында Теңге ауылы, Аралбай Оңғарбекұлы көшесі №29 тұрғын үйінің қонақ бөлмесінде электр желісінің тұйықталуынан өрт оқиғасы болды.
Өрт кезінде үйде 1943 жылы туылған төсек тартып жатырған Санболсын Бекмуханбетова және 2015 жылы туылған немересі Сезім Инаятулла болған. Өрт сөндіру қызметкерлері әжесі мен немересін үйдің ауласына шығарып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізген. Өкінішке орай, түтінге уланған С.Бекмуханбетова Жаңаөзен қалалық ауруханасында қайтыс болды, ал С.Инаятулла Жаңаөзен қалалық ауруханасында жан сақтау бөліміне жатқызылды.
Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев оқиға орнына барып, зардап шеккен отбасыға көмек көрсетілетінін айтты.
Қазір арнайы сараптама тағайындалып, комиссия құрылып, өрттің себебін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.