«Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы» КММ арнаулы оқу орны студенттерімен нашақорлыққа қарсы кездесу өткізді.
№2 Жаңаөзен қалалық емханасының салауатты өмір салты бойынша дәрігер Мұхадес Жаманқұлова, жастар ресурстық орталығының маманы Алдияр Төлеуов және облыстық салауатты өмір салтын сақтау проблемалар орталығының ЖҚФ меңгерушісі Шамсынұр Байқұлова О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжі мен Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде болды.
Кездесу барысында мамандар жас жеткіншектерге нашақорлық – ғасыр дерті екендігін, есірткі заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, олардың алдын алу, саналы да салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдарын үйретті. Студенттер көптеген пайдалы мағлұматтар алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Үміт ЖӘЛЕКЕ