Сексен алты жасқа қараған шағында қадірлі ел ақсақалы, Маңғыстау облысының және Ақтау қаласының құрметті азаматы Дүйсембі Әріпұлы өмірден озды. Ол салауатты да парасатты ғұмыр кешіп, артына зор өнеге-өсиет, өшпес мұра қалдырды. Дүйсекең аға әрқашан елдік мүдде жолында биік мінберлерден сөз сөйлеп, облыстық, республикалық басылымдарда өзекті елдік мәселелер бойынша мақалалар жариялап, қоғамдық істерге белсене араласты.
1933 жылдың 1 қаңтарында Маңғыстау облысының Тұщықұдық ауылдық кеңесiнде дүниеге келді. 1956 жылы КазГУ-дің физика-математика факультетiнiң физика бөлiмiн, 1964–1966 жылдарда Алматы Жоғары партия мектебiн бiтiрдi. Сырттай оқып Алматы Зооветеринариялық институтын бiтiрiп, ғалым-зоотехник мамандығын алды.
Маңғыстау аудандық «Еңбек туы» газетi партия тұрмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi, аупарткомның ұйымдастыру бөлiмiнiң нұсқаушысы, бөлiм меңгерушiсi, аудандық халықтық бақылау комитетiнiң төрағасы, аупарткомның хатшысы қызметтерiн атқарды.
1973 жылы Маңғыстау облысы, оның құрамында Бейнеу ауданы құрылған кезде Бейнеу ауатком төрағасы.
1975 жылдан облыстық партия комитетiнiң ұйымдық-партиялық жұмыс бөлiмiнiң меңгерушiсi.
1978 жылдан 1990 жылдың қыркүйегiне дейiн Бейнеу аупарткомының бiрiншi хатшысы қызметiн атқарды. 11-сайланған ҚазССР Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты болды.
1990 жылы Маңғыстау облысы қайтадан құрылған кезде халық депутаттары облыстық кеңесi төрағасының орынбасары. 1993 жылдан төрағаның мiндетiн атқарушы, 1994 жылы Республикалық дәрежедегi зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн облыс әкiмiнiң кеңесшiсi болды.
Қазақстан коммунистiк партиясы XIV, XV, XVI, XVII (екi кезеңiнiң де) съездерiнiң, республикалық кәсiподақтар Кеңесi XI съезiнiң делегаты болды.
1997 жылы шыққан «Маңғыстау» энциклопедиясының бас редакторының орынбасары.1957 жылы Москвада өткен жастар мен студенттердiң VI Дүниежүзiлiк фестивалiне қатысты.
«Жас коммунистер тәрбиесi», «Маңғыстау-маңғаз мекенiм» (ағасы – Б.Әрiповпен бiрiгiп жазылған), «Өркендi өлке, өнегелi өмiр», «Тұлғалар тағылымы» кітаптары шықты. 1997 жылы шыққан «Маңғыстау энциклопедиясы» бас редакторының орынбасары, 4 томдық Қазақ ССР эпциклопедиясы авторларының бірі.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер. «Халықтар достығы» орденімен (1983), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1982) марапатталған. Ақтау қаласының (2006 ж.) және Маңғыстау облысының құрметті азаматы (2012 ж.). Қазақстан Республикасы Құрмет Ордені иегері (2017 ж.).
Жайсаң ағаның жарқын бейнесі жүректерімізде мәңгі сақталады.