Күллі қазақ жерін ұлан асыр тойға бөлеген Астана қаласының 20 жылдық мерей тойын жоғары деңгейде атап өтуге ауданымыз тастүйін дайын. Мерейлі мерекеге арналған шаралардың алғашқы легі басталып та кетті. Астананы әнге қосқан әсем шара қазақтың киіз үйлері қаз-қатар тігілген, жеміс ағашы мен түрлі гүлдері сән берген Көгездегі этноауылда өтті. Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысы аясында "Шаңырақ" қоғамдық қоры мен Шетпе педагогикалық-психологиялық кабинеті бірлесе өткізген шарада аталған мекемеде тәрбиеленетін балалар былдырлаған тәтті тілдерімен тақпақ айтып, ән салды, дөңгеленіп би биледі.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: 14 мыңнан астам мектеп бітіруші ҰБТ-да ең төменгі ұпайды жинай алмағанҚатысушыларды мерекемен құттықтап, жобаның мән маңызын түсіндірген "Шаңырақ" қоғамдық қорының директоры Рысгүл Игілікова балаларға жарқын болашақ, елімізге тыныштық тіледі. Түрлі ойыншықтар мен тәттілер үлестірілген шарада балалар мерекелік дастархан басында шат-шадыман көңілде болды. Балалар Астананың әсем келбетін қолөнер түрінде ала келіп, көрме ұйымдастырды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға риза болған ата-аналар қоғамдық қор ұжымы мен мектеп ұстаздарына шынайы алғыстарын арнады.
Өз тілшіміз