Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты балалар бөлімінің жанынан «Шебер қолдар» атты үйірме ашылып, өз жұмысын бастап кеткен болатын.
Үйірменің алғашқы күндері қатысушылар әр түрлі қағаздармен ыстық желімді пайдалана отырып, «Білгіш гүл» гүлін жасап үйренген.
- Алдағы уақытта да үйірме жоспарында көрсетілгендей, көптеген нәрселерді үйрететін боламыз. Мысалы, моншақ, білезік, алқаны ілмек безбен тоқып, үйренетін боламыз,-дейді үйірменің жетекшісі, кітапханашы Марина Уәлиева. Сонымен қатар балалар уақыттарын бөліп, әр түрлі ертегі кітаптар оқып, кітапқа деген қызығушылығын арттыра түскенін байқаудамыз, – дейді мамандар. Бұл – үйірменің басты мақсаттарының бірі болатын. Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, әрі «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысу арқылы көптеген нәрселерді өз қолдарымен жасап, үйрету, әрі кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітапханаға жаңадан келіп түскен кітаптарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылып жатқан үйірме аптасына 2-3 сабақтан өткізіліп, тамыз айының соңына дейін жалғасады деп күтілуде.
Жадыра ЖОЛДАСОВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Кісіні таны ісінен