©
Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл толуына арналған іс-шаралар жоспары бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушы тыл ардагерлерінің «Өткен күндер жаңғырығы» тақырыбында жастармен кездесуі өтті.
Кездесуге Түпқараған ауданының құрметті азаматы, Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, еңбек ардагері - Боқан Таңғұлов, 15 жасынан бастап қой бағып, 1957 жылдан бастап карьерде тас кесіп жұмыс жасап,сол жерден зейнетке шыққан тыл ардагері- Еділ Сисенбаев, ардагер-ұстаз Роза Өтепбергенова арнайы шақырылып, жастардың атынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында шақырылған қонақтарға жастар атынан Форт-Шевченко қалалық әкімі аппаратынан естелік сыйлық табыс етіліп, ардегрлер жастармен естелік суретке түсті.
Милана ЕЛЕУСІНОВА