Тағдыр табыстырып, тарих тоғыстырған түрлі өзге ұлт өкілдері ынтымағы жарасқан егемен елімізде бейбіт те берекелі ғұмыр кешіп келе жатыр. Солардың бірі – Ержанов Жалғас пен Карпушова Иринаның отбасы. Орыс ұлтының қызы қазақтың қара баласына тұрмысқа шығып, бір әулеттің келіні атанып отыр. Қазақтың салт-дәстүрін үйренген қазақ келіні – қазақ жерінде туып-өскенін мақтан етеді.
Ақкетік – көп ұлтты Қазақстанның кішкентай бір бөлшегі. Бұл жерде орыс, лезгин, татар, түрікмен ұлттарының өкілдері тату-тәтті тірлік кешуде. Бір-бірімен көрші тұратын қазақстандықтар бүгінде туысқан болып, құдамдал атанып отыр. Оның нақты бір дәлелі – Ер жанов Көңілімқос пен Карпушов Владимирдің отбасы. Баутин ауылының тұрғындары Ержанов Жалғас пен Карпушова Ирина сезімдері жарасып, 2011 жылдың қаңтарында отбасын құрды. Осылай орыс қызы қазақ отбасына сыйлы келін атанып жүр. Осында туып өскен Ирина ауылдағы орыс мектебінде білім алғанмен көрші қазақ балаларымен қазақша сөйлесіп, бірге ойнап жүріп, қазақшаға судай болып өседі. Ақтау қаласындағы энергетикалық колледжді қызыл дипломмен тәмамдаған ол бүгінде бала күтімінде үйде отыр. Бүгінде үш баланың анасы атанған Ирина алғашқы жылдары атаенесінің қолына түсіп, кейін бөлек шыққан. Енем алтын адам, менің өз отбасына сіңісіп, қазақ отбасын игеріп кетуіме көп көмектесті, әрқашан ақыл-кеңесін айтып, қолдауын білдіріп отырады, - дейді енесі Балғаным Күлболғанова жайлы. Осында туып-өсіп, көршілердің мереке тойларына араласып өскендіктен болар, маған қазақ отбасындағы салт-дәстүрлер жақын болды. Орыс халқын да қыздың артынан жүк апару, жасауын беру дәстүрі болмаса да, анам мені қазақ отбасыға келін болған соң жергілікті салт бойынша қазақша жүгімді әкелді. Қазаққа келін болған ұнайды. Отбасымызбен қос ұлттың да мерекелерін атап өтеміз. Өзіме Амал мерекесі қатты ұнайды. Ол күндерді қара шаңырақта ата-енеміздің үйінде тойлаймыз.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қазақстанда ең көп орташа жалақы — МаңғыстаудаҰлты басқа болса да тілегі бір болған ғашықтар бір-бірімен тіл табысып, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандарын мақтан тұтады. Бір шаңырақ астында халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздің ұлтаралық татулығы әрдайым берік болып, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін.
Жадыра ЖОЛДАСОВА