Көктем келісімен Маңғыстау өңірінде тазалыққа көңіл бөлініп, ауыл-аймақ, елді мекендер мен облыс орталығында тынымсыз тіршілік басталып кетті. Яғни, 15 наурыз бен 17 мамыр аралығы тазалық айлығы болып жарияланып, санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осы орайда Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен «Парктер шеруі - 2018» атты табиғатты қорғау акциясы аясында Қаракөл көлінде ірі көлемде сенбілік өткізілді.
Аталған шараға «МАЭК - ҚазАтом-Өндіріс» ЖШС қолдау көрсетіп қоқыс шығару үшін 3 бірлік ауыр техника және тазарту жұмыстары қажетті заттарды ұсынды. Сенбілікке «Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығының 25 қызметкері және «МАЭК - ҚазАтомӨндіріс» ЖШС-ның қызметкері қатысты. Тұтастай Қаракөл көліне сенбілік парктер шеруі - 2018 алғанда, сенбілік жоғары дәрежеде өткізілді. «Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік, бір ағаш егейік, таза ауа үшін терімізді төгейік. Алдағы уақытта да бұл шара аяқсыз қалмайды», - дейді сенбілікке қатысушылар.
В.ҚАЛИЕВА, Үстірт МТҚ мұражай меңгерушісі