©
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Маңғыстаудағы кен орнында өрт болғанын растады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Лада сайтына сілтеме жасап.
Ресми өкіл келтірген дерек бойынша, оқыс оқиға Комсомольское кен орнында болған.
«Комсомольское кен орнында 19 мамыр күні сағат 22:22-де 40 шаршы метр аумақта дренаждық ыдыс өртенгені туралы хабар Дағдарыс жағдайларды басқару орталығына 20 мамыр күні 02:58-де түскен. Оқиға ұңғыманы толықтай жөндеу кезінде болған. Салдарынан 1986 жылы туған «М-Техсервис» ЖШС мердігерлік ұйымының жұмысшысы қаза тапты. Тағы үш адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған», - деп мәлім етті Руслан Иманқұлов.
Сағат 00:23-те өрт толықтай сөндірілген.
Айта кетейік, жапа шеккендердің бірінің денесін 60 пайыз күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр. Ал екеуі травматология бөлімінде ем алуда.
Бұған дейін «М-Техсервис» ЖШС мердігерлік ұйымының жұмысшыларын күйік шалып, оларды санитарлық авиация ауруханаға жеткізілген.
Көрнекі сурет сайттың архивінен