©
«Ит – жеті қазынаның бірі. Ит – адамның досы» деп те жатамыз. Иттер күзетшілік, мал бағып, жаюға пайдаланылып, аңшылық кезінде аң аулау сияқты көптеген қызметтерді атқарып, адамға көмектеседі. Десек те осы жануардан қоғамға, адамдарға қаншалықты зиян келетінін ұмытпаған жөн. Мұнайлы ауданы аумағында қаңғыбас ит жоқ деуге болады. Бірақ иесі бар, бақылаусыз көшеде жүрген иттер көп. Алайда адамдарды тістеу фактілері азаяр емес.
Қысқасы, ит иттігін жасайды. Мұндай иесіз иттердің өмірімізге қаншалықты қауіпті екенін біле тұра, олардың санын көбейтпеуді қазірден бастап жоюды дұрыстап қолға алған жөн. Иә, қаңғыбас иттердің көбеюіне өзіміз себепкер боламыз. Себебі, күшік кезінде асырап, бағып-қағып, кейін өскен соң бос жібере саламыз. Осыдан келіп қаңғыбас итке айналады. Қаңғыбас иттерді және мысықтарды аулауды Мұнайлы аудандық ветеринариялық станциясы жүзеге асырады.
Қазіргі таңда тұрғындар тарапынан түскен шағымдар бойынша қаңғыбас иттерді жоюға құрылған арнайы 6 бригада жұмыс жасайды. Иттер өте тез көбейетін жануар. 6 айдан бастап күшіктейді. Олардың санын азайтпаса, уақыт өте келе қоғамға өте үлкен зиян келтіреді. Оларды аулап, жоюға қаншама қаражат жұмсалатынын да ұмытпаған жөн.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Елі сыйлаған Есболай
Үй ауласынан шығып, бақылаусыз, шылбырсыз, тұмылдырықсыз жүрген иттерге ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 408-бабы бойынша «Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу» туралы мынадай заңнама бар:
Аудан тұрғындарының қаперіне бере отырып, үй жануарларын (ит-мысықтарды) аулаларынан шығармай ұстауларын, жеке бақылауларына алуларын сұраймыз.
Егер өздеріңіз тұрып жатқан мекенде көшеде жүрген қаңғыбас иесіз және күдікті иттер мен мысықтарды байқасаңыздар, төмендегі байланыс телефондарына хабарласуларыңызға болады:
Байланыс телефоны: 304028 Е-mail: kgu15@mail.ru
«Мұнайлы аудандық ветеринариялық станциясы» КММ
Суретті түсірген Т. Құсайын, сайттың архивінен алынды