©
Маңғыстау өңірінде «Асар», «Жомарт жүрек» қайырымдылық шаралары мен жәрмеңкелері жалғасын тауып жатты. Өз жиған-тергенін өзгелермен бөлісіп жүретін, қашан да айналасындағыларға қайырымдылық жасауды әдетке айналдырған жомарт жандар Мұнайшы ауылында аз емес. Солардың бірі - «Көліктік сервис орталығы» АҚ «Уральск» өндірістік телімі басшысының орынбасары Р.Мусагалиева. Райгүл Серікқызы Наурыз мерекесі кезінде тұрмысы төмен 20 жанұяға, әр отбасына 15 000 теңге көлемінде азық-түлік көмегін көрсетті.
Сонымен қатар қарттарға құрмет көрсету мақсатында Мұнайшы ауылының әкімі Б.И.Бекмурзаев, жеке кәсіпкер Майлан Мәмбет Ақтау қаласындағы қарттар үйіне барып, ондағы қариялардың көңілін сұрап, жағдайларымен танысып қайтты. Жеке кәсіпкер қарттарға Наурыз мерекесіне орай 1 бас мал сойып, наурыз дәмін тарту етті. Жалғызбасты әже мен аталардың қал ахуалын біліп, денсаулығын сұрап тұрудың артықтығы болмайды. Сол арқылы қарияның көңілі көтеріледі, қуанады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Серағаңның «Дара жолы»