Аташ елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер, ардагер ұстаз Сәтбаева Әминаш редакцияға хабарласып, аудан орталығы саналатын Форт-Шевченко қаласынан ет сататын нүкте ашылса, алып отырған етіміздің қайдан келгенін біліп, көріп отырсақ екен деген ұсынысын білдірді.
- Алда ораза келе жатыр, ет бөліміне қол жете бермейді, мұз еттен гөрі сойылған малдың жаңа етін алғымыз келеді. Қаладан ашылған мойнаның өзін-өзі ақтамады деп жабылғанынан да хабардармын, мына базарды жаңадан қалпына келтіріп жатыр екен, сол жерден жақсы ет сататан дүкен ашылғанын қалаймын - деді.
Тиісті орыннан жауап
Біз бұл сауалды аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы А.Жұмағазиев мырзаға қойдық.
– Қазіргі таңда аудан көлемінде жалғыз мойна Таушық ауылында жұмыс жасап тұр. Жеке кәсіпкер Құмаров Асхат қала мен Баутин ауылы арасында орналасқан «Бәйтерек» мал сою орнының иесі, 2 жыл жұмыс жасап, тоқтап қалған қызметін қайта жандандырып, мойнасын ашпақшы. Бүгінгі таңда құжаттары жасақталып жатыр. Сайын ауылынан «Қарағантүбек» ЖШС жер алып, мал қабылдау орталығын ашуға ниеттеніп жүр. Қала орталығындағы базардан нүкте ашуды өзіміз де көздеп отырмыз, облыстық ветеринариялық лабораторияның талабына сай болып, рұқсатын алса, ет сату орнын тұрғындар игілігі үшін ашуға дайынбыз, – деп жауап берді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Каспийдің қазақстандық бөлігінде жаңа мұнай кен орындары игерілмекҚазіргі таңда аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында азық-түлік дүкендерінен бөлек тек қана ет өнімдерін сатушы 2 дүкен жұмыс жасап тұр. Олардағы сатушыларға жолыққанымызда күнделікті келетін етті Ақтау қаласынан, қырдағы ауылдардан алатынын анықтадық.
- Барлық ет санитарлық талапқа сай тексерістен өткен, - дейді осы ет сату нүктелерінің иелері.
Жадыра ЖОЛДАСОВА
Көрнекі сурет әлеуметтік желіден алынған