©
Бейнеу ауданында 28 наурыз күні «Асар» қайырымдылық айлығы қорытындыланып, соңы концертке ұласты.
Шараға білім беру мекемелері мен кәсіпорын басшылары және аз қамтылған отбасы балаларымен ата-ана қамқорлығынан айрылған балалар қатысты.
Алдымен Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Үміт Әділқызы Әмірханова облыс әкімі Ералы Тоғжановтың бастамасымен басталған «Асар» қайырымдылық айлығының «Жомарт жүрек» акциясы аясында ауданымызда жасалған жұмыстарға тоқталып өтті.
«Бейнеу ауданы бойынша 2018 жылы наурыз айындағы «Асар» қайырымдылық айлығының «Жомарт жүрек» акциясы аясында 451 отбасыға 4 197 290 теңге көлемінде әртүрлі қайырымдылық жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтқанда қайырымдылық акциясы аясында мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар осы акцияға атсалысқан мекеме, кәсіпорын басшыларына және ауданның кәсіпкерлеріне алғысымызды білдіреміз», - деді Үміт Әділқызы.
Шара барысында ата-ана қамқорлығынан айырылған 25 балаға Үміт Әділқызы сыйлықтар табыстады. Балаларға арнап ойындар ұйымдастырылып, шара соңы аудан өнерпаздарының концертімен аяқталды.
Өз тілшіміз
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтауда психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды