©
«Қазақстан темір жолы» бойынша темір жолда малдың көп жүруі және малдың пойыздың астында қалуы, темір жол бойында бөгде адамдардың жүруі темір жол тасымалына қауіп төндіріп, жүк және жолаушылар пойызына кедергі келтіріп тұр. 2017 жылдың желтоқсан айында Бейнеу жол дистанциясына қарасты жол телімдерінде орналасқан Бейнеу, Тәжен, Ақжігіт, Төлеп, Сай-Өтес елді мекендерінде жеке меншік және шаруа қожалықтарының малдары темір жол бойында қараусыз жайылуы жиілеген. Соның салдарынан пойыздар қозғалысының кестесі бұзылып, ҚР Азаматтық кодексінің 27 бөлім, 440, 441 баптарына сәйкес темір жол бойына мал шығуы жекеленген азаматқа, яғни мал иесіне екі еселенген, қызмет бабындағы азаматқа он еселенген көлемде айыппұл салуға мәжбүр ететіндігін Бейнеу жол дистанциясының бастығы Б.Айтыманов атап өтті.
Темір жол бойына, рельске пойыз қозғалысына қауіп төндіретін зат қойып кету де кездеседі. Соның салдарынан пойыз рельстен шығып қалса, жолаушылар зардап шегуі мүмкін. Жасөспірім балалардың білместігінен болатын бұл жайттар лаңкестік (терроризм) іс-әрекет деп есептеледі және бұған қатаң жаза қолданылады. Осыған байланысты мектеп оқушыларына түсінік жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Талаптыға нұр жауарКәмелетке толмаған балаларды қадағалау ата-ананың міндеті болғандықтан оларға ұдайы темір жол аумағының қауіптілігі жөнінде ескертіп отыруы керек. Айта кететін жайт, жыл басынан бері дистанция аумағында 12 шұғыл және 80-нен аса қызметтік тежеу тіркелгенін, шұғыл тежеуді болдырмау үшін тұрғындармен малды темір жолға жақын жерлерге жаймау туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп жатқанын құлағдар етті.
Жол шаруашылығы бас басқармасының ЦП 4866 нұсқауына сәйкес көгенделген, яғни байланған мал темір жол бойынан 300 метр қашықтықта, ал бақташысымен бос жайылып жүрген мал 200 метрден жақын болмауы керек екені талап етілетіндігін, пойыздың бір сағат тұруы «Қазақстан темір жолы» ҰК» үлкен шығын әкеліп отырғанын ескертті.
Мекемеге қарасты темір жол телімдерінде Бейнеу, Тәжен, Ақжігіт, Төлеп, Сай-Өтес, Тұрыш, Сам елді мекендерінде тұрғындармен ай сайын темір жол ережесімен таныстыру, мал басылу оқиғаларын болдырмауға дистанция көлемінде алдын-алу іс-шаралары жиі өткізіліп жүргендігін аудандық жол дистанциясының басшысы Б.Айтыманов айтып өтті.
Қараусыз мал пойыз қозғалысына және жолаушылар өміріне қауіп төндіретінін естен шығармаған абзал.
Ү.АСҚАРҚЫЗЫ