Мен де еліміздегі жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жүрген жастардың бірімін. Елбасымыздың 5 наурызда халыққа жолдаған үндеуін ықыласпен тыңдадым.
Елбасымыз кеше ғана қазақстандықтарға «Бес әлеуметтік бастамасын» жариялағаны белгілі. Олар:
Бірінші - әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру;
Екінші - жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту;
Үшінші - жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту; Төртінші - шағын несие беруді көбейту; Бесінші - елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру.Бұл айтылған бастамалардың барлығы да елдің қамы үшін әлеуметтік жағдайының жақсаруына оң ықпалын тигізері анық. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарса, тұрмыс-тіршілігі де жақсы болмақ. Баспана алудың жаңа мүмкіндіктері жеңілдейтін болса, әрбір қазақстандық үшін қолайлы болары айқын. Қазіргі таңда көпшілік жас отбасылар жұмыс ретіне қарай өзге қалаларда жалдамалы пәтерде тұратыны белгілі.
Сонымен қатар осы айтылған бастамалардың ішінде болашақ жастарға айтылған жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуы – құптарлық іс. Жастарымыздың білім алуына мол мүмкіндіктер қарастырылған.
Елбасы бастамасының басым бөлігі жастардың жағдайын жақсартуға бағытталғаны бізді қуантады. Бұл Елбасының ел болашағы – жастарға деген сенімі мен қамқорлығы деп сезінеміз.
Сондықтан үндеуге үн қосып, қолдау білдіреміз.
Күнсұлу АЙДАРБАЙ, студент
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жан жылуын сыйлаған