Жуырда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Маңғыстау ауданында кәсібін дөңгелетіп отырған қыз-келіншектер мен жаңадан жұмыс орындарын ашқысы келіп жүрген әйелдерге арналған семинар кеңес өтті.
Кеңеске Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер төрайымы С.Салихова, «Тенгри Банк» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Ж.Қабділова, Маңғыстау облысының қол өнер шеберлері Одағының президенті Ә.Сағынаева, Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Р.Сағынбаева, «Атамекен» микрокредиттік ұйымы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің несие менеджері А.Жайлыбаева, бизнес-тренер Ш.Түсіпбекова, «Қазақстан-Тур» агенттігі директорының орынбасары Г.Жүнісова, Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Маңғыстау аудандық іскер әйелдер төрайымы С.Бусаханова, кәсіпкер Т.Абдуллаева, аудан әкімінің орынбасары Т.Қылаңов қатысты.
Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер төрайымы С.Салихова Маңғыстау ауданында кәсібін жаңа бастаған әйел кәсіпкерлерге ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық кеңес беріп, қолдау көрсетуге әзір екендіктерін жеткізді. Сонымен қатар әйел адамның жанына жақын дүниемен айналысып, соны кәсіп етіп, бұрынғы ата-балалар дәстүрлерін жаңа заманауи бағытта жаңғыртуға, мал өнімдерін өндіріп, оны заманға сай лайықтап шығаруға кеңес беріп, қандай да бір ауданда бұрын-соңды болмаған кәсіпті ашу жөніндегі ойларын құптайтындықтарын, іскер әйелдердің құзіретін көтеру мақсатында құрылған кеңестің әйелдермен байланыстарын нығайтатындығын айтты. Мұнан соң бизнес тренер Ш.Түсіпбекова бизнесті бастау үшін әр адам алдымен өзін, өзінің ойын өзгертіп, алға қойған арман мақсатын түсіне білулері керектігін түсіндірді. Әр адам таңертең тұрысымен қайда барамын, не істеймін деген сұрақтарға жауап беріп, уақытты босқа өткізбей, сол мақсатқа жетелейтін жолға шығу керектігін айтып, семинарға келген қыз-келіншектерге ақыл-кеңес берді.
Аудан әкімінің орынбасары Т.Қылаңов аудандағы этно-тарихи орындарды дамытып, Шерқала, Ақмыш жерлеріне туристік бағытта қызмет көрсетуге жұмыстанамын деуші азаматшаларға аудан әкімдігі тарапынан қолдау болатындығын, сонымен қатар Шетпе-Бейнеу тас жолы бойынан қызмет көрсетуге жер берілетіндігін айтты.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Елбасы: Жалақысы төмен қазақстандықтарға салық 1% дейін төмендейдіМұнан соң кәсібін дөңгелетіп, бизнесін жүргізіп отырған аудандағы әйел кәсіпкерлер Н.Тайманова, А.Мақашева, А.Оразбаева, Ж.Жиенәлі, Т.Қарашева, І.Зулхарнаева, А.Жаңбырбаева, Г.Жанжігітова, М.Серікбаева, Р.Серікбаева, І.Амантай, А.Сатыбалдиева, М.Бердешова, А.Балтабасова, С.Изьядинқызы семинарға келушілерге арнайы дайындалған сертификаттарын ұсынды. Кәсіпкерлер алдағы мақсаттары мен ойға алған істерін одан әрі дамыту үшін қандай қолдау берілетіндіктерін сұрап, емен жарқын пікір алысты. Семинарға ауданның түпкір түпкірінен келген 100-ге жуық кәсіпкерлер осындай кеңестер жиі ұйымдастырылса деген ойларын білдірді. Кездесу соңында қонақтарды С.Қондыбай атындағы мұражай қызметкерлері Серікбол туралы мағұлматтармен, тың деректермен таныстырды.
Ж.АМАНҚҰЛОВА