Түпқараған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және жедел құтқару бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп №4 өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шараға Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі және жекеленген пәндерді тереңдетіп оқытатын Форт-Шевченко мектеп-интернаты, Баутин кентіндегі Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы және Горький мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.
Ашық есік күнінде оқушылар мен мұғалімдерге «Өрт қауіпсіздік ережелері», «Судағы қауіпсіздік шаралары», «Көкшетау техникалық институты оқу орны», «Улы газдан сақтайық», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік қағидалары» тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өрт сөндіру бөліміндегі қызметкерлердің күнделікті тыныс-тіршілігімен, алғашқы өрт сөндіру құралдарының маңыздылығымен және өрт сөндіру автокөліктерімен таныстырылып, оқушыларға өрт сөндіру бөліміндегі өртке қарсы және апаттық құтқару жұмыстарына қолданылатын құрал-саймандармен қалай жұмыс жасайтындығы жөнінде кеңінен ақпараттандырды.
ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге шақырып, қалай өрт сөндіруші мамандығын алуға болатыны туралы да жастарға түсіндірілді. Тегін оқу, тамақтану, тегін жатақханаға орналасуға болатыны да айтылды. Сонымен қатар, мамандар Институтта білім алған 4 жыл жедел әскери қызметті өтегенмен теңестіріледі, ал оқу орнын бітіргеннен кейін бітірушілеріне арнайы «азаматтық қорғау лейтенанты» немесе «лейтенант» әскери атағы берілетінін және барлық бітірушілерді Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөліністеріне жұмысқа орналастыруға кепілдік берілетіні туралы тоқталды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Мемлекеттік тіл – достық тірегі1-наурыз «Халықаралық азаматтық қорғаныс күніне» байланысты Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Форт-Шевченко қаласының орталық алаңында аудандағы Төтенше жағдайлар саласы қызметтерінің және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі бар мекемелерінің азаматтық қорғаныс құрылымдарының күш-құралдарының көрінісіне №4 өрт сөндіру бөліміндегі өртке қарсы қызметінің күш-құралдары да қатыстырылды. Осы көрініске аудандағы орта мектептің 9-11 сынып оқушыларына өртке қарсы қызметінің күш-құралдарымен таныстырылып, қандай мақсатта қолданылатыны туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ, құтқарушы мамандығын қай оқу орнында алуға болатындығы, яғни Көкшетау техникалық институты туралы да түсіндірілді. Оқушылар ештеңені қалыс жібермеуге тырысып, барлығын жан-жақты қарап шықты. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері балаларға өрт сөндіру техникалары мен жарақтары туралы түсінікті айтып берді.
Бұл шаралардың негізгі мақсаты өрт-техникалық қаруландырумен, жедел-құтқару жарақтарымен, құтқарушылардың қызметімен жас ұрпақты таныстыру және оларға кәсіби бағдар беру, сонымен қатар ҚР ІІМ ТЖК-нің Көкшетау техникалық институтына талапкерлер жинау болып табылады.
Өз тілшімізден