Көктемнің алғашқы жылы лебін ала келетін 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңыда Жаңаөзендегі мүмкіндігі шектеулі, көп балалы және тұрмыстық жағдайы төмен отбасындағы аналарға арналған «Ана - өмір, Ана - жыр» атты мерекелік кеш өтті.
Шараны Жаңаөзен қалалық Жастар ресурстық орталығы, «Жаңаөзен қайырымды жандар» еріктілер тобы, «Өзенмұнайгаз» АҚ, Жаңаөзен политехникалық колледжі, «Қоғамдық келісім» КММ және «Жас Отан» жастар қанаты Жаңаөзен қалалық бөлімшесі ұйымдастырды.
Қыз-келіншектерге арнап жайылған дастарханда концерттік бағдарламамен қатар, әртүрлі ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды. Жеңімпаздарға сән салондарда толықтай тегін сұлулық қызметін алуға, жеке тігін студиялары мен кондитерлік үйлер ұсынған тегін шеберлік сабақтарына қатысуға мүмкіндік беретін сертификаттар табысталды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Өнерде өшпес бейнелерҚаланың белсенді жастары Берік Сұңғатов пен Әбу Жолым жүргізген мерекелік шарада «Мұнайшы» және «Атамұра» мәдениет үйінің өнерпаздары мейрам иелеріне ән-жырдан шашуларын шашты.
- Бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен асыл жандарға деген құр- метіміз әрқашан шексіз. Олар қандай мара- патқа болса да лайық. Бүгінгі мақсатымыз - осындай мерекелерде әлеуметтік жағынан аз қамтылған әйел азаматтарына олардың әрқашан қоғам назарынан тыс қалмайтынын сезіндіру. Негізі 55 адамды шақырған болатынбыз, 34-і ғана келді. Қалған 21-і әртүрлі себептерге байланысты қатыса алмады. Олардың үйлеріне барып құттықтап, мерекелік сыйлықтарымызды табыстаймыз деп жоспарлап отырмыз, - дейді қалалық жастар ресурстық орталығының директорының міндетін атқарушы Серік Қожахметов.
Өз тілшіміз