1-наурыз Елбасы Жарлығымен елімізде Алғыс айту күні болып бекітілді. Алғыс айту күні – қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен, еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Бұл күн – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.
Түрлі тарихи себептермен қазақ топырағына табан тіреген этностардың мейірбан қазақ халқына алғыс айтуы үшін белгіленген мереке екенін біле тұра, біз осы атаулы мереке қарсаңында газет жанашырларына алғыс айтуды жөн көрдік.
Бір ғасырға жуық уақыт ауданның ақпарат айнасы болып келе жатқан «Жаңа өмір» газетінің таралымын көбейтуге үлес қосқан «АқтауВS-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сұңғат Мұңалбаевқа, облыстық мәслихат депутаты, «Қаламқас» кен орнының басшысы Нұрпейіс Сәрсенбайға, облыстық мәслихат депутаты Қалым Дербісовке, аудандық мәслихат депутаты, «Абат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Абат Жұмалиевке, «Аско Сервис Шетпе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Думан Жоланбековке, ондылық кәсіпкерлер Мереке Қамысбаев пен Ербол Сейдахметовке, «Мәтжан» шаруа қожалығының иесі Қыдырқожа Манашқа, «Мақпал» сауда орталығының иесі Қайыржан Жұмағалиевке, аудандық мәслихат депутаты, Шетпе теміржол стансасының басшысы Бәлибек Есенгелдиевке, «Айтыман» дүкенінің иесі, жеке кәсіпкер Әлімбай Аманқұлұлына, «Ақбөбек» дүкенінің иесі Әзизолла Салиховқа газет ұжымы мен оқырмандарымыздың атынан алғыс айта отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыс тілейміз!
«Заман қанша өзгерсе де, газет өлмейді. Себебі, технологиясы әбден дамыған, ғаламтордың игілігін көрген АҚШ пен Еуропа мемлекеттерінің өзінде де баспасөздің таралымы азаймаған. Бірақ та бүкіл әлемді бағындырған ғаламтор желісі ақпарат таратумен технологиялар мен форматтарды бір өзіне тәуелді етіп отыр. Сонда да болса, «өзі бір күндік, сөзі мың күндік» деп ұлыларымыз айтып кеткен сөздің мағынасы жойылмайтындығына сенімдіміз. Газеттің таралымы мен оқырманының көбеюіне атсалысып, баспасөзге жанашырлық танытқан осындай ел азаматтары барда ауданның төл басылымы да құлашын кеңге сермейді деп ойлаймыз.
«Жаңаөмірліктер»