Түпқараған ауданы әкімі Темірбек Асауов Ақшұқыр мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы, жас ақын Қанжарұлы Мәдиасқарды жеке қабылдады. Осы айдың соңында Алматы облысында өтетін Жамбыл Жабаев атындағы республикалық оқушылар айтысына қатысуға аттанғалы отырған жас ақынға сәт сапар тілеп, ақ батасын берді. Жас ақынның өнерге қосып жүрген үлесін баса айтып, жылы лебізін білдірді.
5-сыныптан бастап жазба өлең шығаратын оның суырып салмалығын байқаған ұстазы айтыс мектебінен дәріс алуға кеңес берген. Қазіргі таңда Ақтау қаласындағы жыр мектебінде қосымша дәріс алып жүр. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Р.Ақниязованың жетекшілігімен аудандық, облыстық айтыстарда жүлделі орындардан көрінді. Жыр алыбы Жамбыл атамыздың атындағы өткен жылғы айтыста «Ең жас ақын» номинациясын иеленген жерлесімізге жүлдемен оралуына Түпқараған аудандық білім бө- лімінің бастығы А.Қуанышқалиқызы мен ұстазы, мектеп-лицейдің директоры Қ.Қалиқызы тілектестігін жеткізді.
Жадыра ЖОЛДАСОВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Баға мәселесі қашан да өзекті