©
Қарақия аудандық мәдениет үйінің фоесінде Астананың 20 жылдығына арналған «Мақтанышым Астана» атты пікірталас өтті. Дөңгелек үстелге Қарақия аудандық мәдениет үйінің директоры Ф. Әлпіш, Қарақия аудандық орталық кітапхананың директоры С. Сыдықова және жас ақын Ж.Оразов және Құрық орта мектеп гимназиясы, №1 және № 6 мектептің білім қуған ұлтжанды оқушылары қатысты. Бағдарламаның жүргізушісі Н.Қонай оқушыларға берілген сұрақтармен таныстырып, жүргізіп отырды.
Пікірталас бағдарламасында алдымен Ф. Бектемірқызы еліміздің қара шаңырағына айналған және аз жылдар ішінде әлем таныған Астананың тарихы жайлы сөз қозғап, пікірталасқа қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі. Аудандық орталық кітапхананың директоры С. Сыдықова және Ж.Оразовтар да Астана қаласының қазіргі келбеті мен жетістіктеріне тоқталып, оқушылардың Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту жөнінде пікірлер айтты.
Астана - жастардың жүрегіндегі арман қала. Бүгінгі таңда көптеген жас ұрпақ жас Астанамыздың жоғарғы оқу орындарынан білім алып, ізденіс үстінде жүр. Осындай жас дарындарымыздың бірі және бірегейі осы жиынға арнайы келген жас ақын Ж. Оразов өз жүрегінен туған төл шығармасы Астанаға арналған өлеңін оқыды. Және де Е.Сәрсенғалиев, А.Сағындық сынды жас әншілер әннен шашу шашты.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтау тұрғындары қазақ тілін тегін үйрене аладыАстананың бүгінгі дамуы жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріп, бас қаламыз білімді жастардың қаласы деп, - ерекше атап өтті, А.Зайтанова өз баяндамасында. Дөңгелек үстелдің салтанатты бөлімінде әр мектептің озат, білімді оқушыларына мәдениет үйінің директоры кітаптар тарту етті. Алдымен оқушыларға Астанаға байланысты түрлі сұрақтар легі қойылып,оған оқушылардың барлығы да мүдірмей жауап беріп, ізденіс талпыныстарын көрсетті. Байқауға қатысқан үш мектептің оқушылары осал тұстарын байқатпады. Пікір-таласты қорытындылаған мәдениет үйінің басшысы Ф.Әлпіш: «Ел тәуелсіздігін алған аз ғана жылдарда әлемді мойындатқан қазақ елінің астанасы күннен- күнге құлпырып жайнап келеді. Бас қаламыз - баға жетпес байлығымыз және береке-бірліктің, ел тыныштығының берік діңгегі болып қала бергей. Еліміздің әр бір перзентінің көңілінде Астанаға деген үлкен құрмет мақтаныш ұяласын. Биік асуларды келешекте бағындыру үшін жастардың білімін тереңдетіп, ұлтжанды ұрпақ өсіргеніміз абзал,-деп оқушыларға ыстық ықыласын білдірді.
Фариза ХАЙДАРОВА
Көрнекі сурет сайттың архивінен