«Бар жақсылық балаларға!» Бұл ұран сонау Кеңес кезеңінің ұраны болса да, әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Болашағымыз – балаларға жақсылық жасау ешқашан ұмыт қалған емес. Бұл ұранның әлі күнге дейін мәнін жоймағандығын, келешек ұрпақтарын тәрбиелеуде біздің ең басты ұранымыз болып қала беретіндігін, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы айғақтайды.
Біздің елді мекенде науқас емес балалар жоқ деп айта алмаймыз. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Маңғыстау облысындағы онкологиялық аурумен науқастанатын балаларға көмек көрсету бойынша Маңғыстау облысы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ұжымы Қыдырбай Амржан, Берешков Сергей, Корнеев Александр, Григорьев Дмитрий есімді балалардың үйлеріне бару арқылы құттықтап, оларға ақшалай көмек көрсете отырып, бағалы сыйлықтар мен тәттілер тарту ету шараларын өткізді.
«Көмек керек әрбір тірі адамға,
Көмек керек құртақандай балаға,
Сенетұғын жақсылық пен шындыққа
Сиынатын Аллам менен анаға» - деп ақынның өлең шумағында айтылғандай, барлығымыз әрқашанда балаларға көмек көрсете жүрейік. Барлық бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтай отыра әлемдегі барлық балаларға мықты денсаулық, бақытты балалық шақ тілейміз!
Назгүл САМЕНДИРОВА, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісінің м.а.